Қазақстанның әйел кәсіпкерлерінің Ұлттық слёті

Астана қаласында Қазақстан әйел кәсіпкерлерінің Ұлттық слёті өтті. Аталған іс-шараға «Құқықтық және қаржылық пәндер» кафедрасының тәжірибелі оқытушылары Б.Т. Ахметова және З.К. Усувалиева қатысты.

Іс-шара барысында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім вице-министрі Көбенова Гүлзат Исбасарқызы, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі Омарбеков Бауыржан Бақытұлы, Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшілері Алексей Цой мен Әсел Жанасова, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен бизнес-қоғамдастықтың басшылары мен өкілдері, оның ішінде ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Атамекен» Президиумының Төрағасы Райымбек Баталов құттықтау сөз сөйледі.

Бағдарлама аясында Іскер әйелдер кеңесінің төрағаларына алғыс хаттар мен гүлдер табыс етілді. Құттықтау сөздер Раимбек Баталов пен Лейла Куленова тарапынан айтылды.

«Білім. Бизнес» атты алғашқы панельдік сессиясы слёт қатысушыларының ерекше қызығушылығын тудырды. Спикерлер ретінде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім вице-министрі Көбенова Гүлзат Исбасарқызы, EdCrunch жаһандық конференциясының негізін қалаушы және НИТУ «МИСиС» EdCrunch университетінің директоры Киясов Нұрлан, экономист және «Талап» қолданбалы зерттеулер орталығының директоры Ошақбаев Рахым, сондай-ақ «Әкелер одағы» РҚБ төрағасы және Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссия мүшесі Айтмағамбетов Мақсұтбек қатысты.

Пікірталас барысында білім беру мүмкіндіктерін кеңейту, инновацияларды білім беру процесіне енгізу, жастардың кәсіпкерлік құзыреттерін қалыптастыру, сондай-ақ болашақ көшбасшыларды дамытудағы отбасының рөлі мен білім беру жүйесі, бизнес және мемлекеттік институттар арасындағы байланыстарды нығайту мәселелері талқыланды.

Кейінірек әйелдер кәсіпкерлігін дамыту бағыттары бойынша тақырыптық панельдік пікірталастар сериясы өтті. Екінші сессия қаржыландыруға қол жеткізу мәселелеріне арналса, үшінші сессия әйелдердің мемлекеттік және саяси қызметке қатысуына арналған, төртінші сессия заманауи цифрлық маркетинг құралдары мен бизнесті дамыту технологияларына арналды. Бесінші сессия отандық кәсіпкер әйелдердің табысты бизнес-кейстерін, соның ішінде халықаралық жетістіктер үлгілерін таныстырды.

Іс-шара Қазақстанда әйелдер кәсіпкерлігін қолдауға қатысты өзекті бастамаларды талқылауға, тәжірибе алмасуға және жаңа тәсілдер қалыптастыруда маңызды алаңға айналды.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.