2024 жылғы 9 желтоқсанда Педагогика кафедрасының эдвайзерлері С.С. Шутенова мен А.М. Тәжинин орыс және қазақ бөлімшелерінің “Педагогика және Психология”, “Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі”, “Педагогикалық коучинг және психология” білім беру бағдарламаларының студенттерімен “Қазақстанда есірткіні тарату мәселесі” тақырыбында ашық кураторлық сағат өткізді.
Кураторлық сағатқа Педагогика кафедрасының аға эдвайзері С.К. Мекадилова және оқытушы Г.К. Нұркенова қатысты.
Кураторлық сағаттың мақсаты: студенттерге есірткінің қауіпті салдарын көрсету, есірткіге қарсы күрес туралы мәліметтер беру.
Кураторлық сағат барысында студенттерге “Бетбелгі” деректі фильмі көрсетілді, онда түрмеде отырған адамдардың есірткі қабылдаумен айналысқан оқиғалары көрсетілген, бұл фильмде есірткі таратумен айналысудың жағымсыз әсерлері көрсетілген және фильмде көрсетілген адамдардың оқиғалары басқаларға нұсқау болып табылады. Деректі фильмді көргеннен кейін студенттермен фильмде көрсетілген адамдар туралы әңгімелер талқыланды, олар есірткі қабылдау іс-әрекетінің нәтижесі жөнінде өз пікірлерін білдірді.
Синтетикалық есірткілер Қазақстан үшін аса қауіпті қатерлердің бірі болып табылады. Есірткі қолданушылардың денсаулығына зиян келтіретін зардаптардан басқа, қылмыстың күрт өсуіне әкеледі. Соңғы жылдары есірткіге тәуелді және есірткіге байланысты құқық бұзушылықтар саны едәуір өсті. Әсіресе, есірткі курьерлерінің көбеюі алаңдатады.