Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына жолдауында: «Біздің ұзақ мерзімге арналған даму жолымыз – айқын. Биік мақсаттарымыз бар. Оған жету үшін, ең алдымен, ел бірлігін сақтай білуіміз керек. Бір-бірімізге қолдау білдіріп, құрмет көрсетуіміз қажет. Біз – берекелі бірліктің арқасында түрлі сынақтан сүрінбей өткен халықпыз. Алдағы уақытта да солай болмақ. Бәріміз бір ел болып, әділетті және дамыған Қазақстанды бірге құрайық. Сонда әркім өз елінің кірпіші болып қаланып, арман-мұратына жете алады. Әр адамға және баршаға бірдей мүмкіндік беретін мемлекетті, яғни Әділетті Қазақстанды болашақ ұрпаққа аманат ету – баршамызға ортақ міндет». – деп атап өтті.
Осы ретте, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының бастамаларын қолдау және Әділетті Қазақстан идеяларын жүзеге асыру мақсатында «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы ЖОО-ның оқытушылары, жас ғалымдары, магистранттары, студенттері арасында бірнеше байқаулар және конференциялар өткізуді жоспарлап отыр.
Қазылар алқасының шешімімен Кабжанов Акылбек Тайбулатовичтің жұмысы талапқа сай деп табылып, Тәуелсіздік жылдары Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі және қоғамдық-саяси істерге белсенді атсалысып, атқарған елеулі еңбегі еленіп, республикалық байқаудың «Қазақстан Республикасының құрметті қайраткері» атағына ие болды.
Кабжанов-Акылбек-Тайбулатович-1