«Қазақстан Республикасы зағиптар қоғамы» Қоғамдық Бірлестігі Қарағанды облыстық филиалында қайырымдылық акциясы

2025 жылдың 20 ақпанында ЖІК және «Bolashaq» Академиясының белсенді студенттері мен волонтерлері Қарағанды облыстық зағиптар қоғамында қайырымдылық акциясын ұйымдастыруға ұсыныс білдірді. Бұл бастаманы Академияның ректоры қолдады.

«Қамқорлық» акциясы аясында «Қазақстан Республикасы зағиптар қоғамы» Қоғамдық Бірлестігі Қарағанды облыстық филиалындағы мұқтаж жандарға азық-түлік және күнделікті қажетті заттар тапсырылды.

Іс-шара барысында музыкалық бағдарламалар ұсынылып, әндер шырқалып, лирикалық өлеңдер оқылды және жылы тілектер айтылды. Бұл кездесу барлық қатысушылар үшін көңілге қуаныш сыйлап, қамқорлық пен әлеуметтік жауапкершіліктің маңыздылығын еске салды. Осындай іс-шаралар

«Bolashaq» Академиясы студенттерінің азаматтық ұстанымын қалыптастырып, қайырымдылыққа деген ұмтылысын арттыра отырып, қоғамға пайдалы әлеуметтік бастамаларды жүзеге асыруда өз белсенділіктерін жалғастыруға ықпал етеді.


Іс-шара соңында Академия ұжымына филиал әкімшілігі тарапынан Алғыс хат табысталып, ризашылық пен құрмет көрсетілді.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.