2024 жылғы 6 желтоқсанда “Bolashaq” Академиясында “Қазақстан халқы Ассамблеясының жастар бастамаларын іске асыру” диалог алаңы өтті, оған барлық білім беру бағдарламаларының 1 курс студенттері қатысты. Іс-шараның спикері “Ассамблея жастары” РҚБ төрағасының орынбасары, Республикалық студенттер Ассамблеясының басшысы, “Ассамблея жастары” РҚБ Қарағанды облысындағы өкілдігінің басшысы, Қарағанды облысы әкімдігіндегі жастар ісі жөніндегі кеңестің мүшесі А. Н.Урмашов болды.
Диалог алаңының спикері қатысушыларды Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметімен таныстырып, “Ассамблея жастары” Республикалық қоғамдық бірлестігінің келесі бағыттарын егжей-тегжейлі атап өтті:
-жастардың әлеуметтік бастамаларын дамытуға бағытталған “Жаңа толқын” қоғамдық жобасын іске асыру;
-жастардың сұранысқа ие, оның ішінде мәдениетаралық коммуникациялар саласындағы дағдыларды меңгеруі мақсатындағы оқыту жобалары;
-“Таза Қазақстан” жалпы республикалық акциясы аясындағы экологиялық акциялар және жастар арасында экологиялық мәдениетті ілгерілетуге бағытталған “Мен – эковолонтер” арнайы жобасы;
-“Жүректен жүрекке” және “Мектепке жол” қайырымдылық акциялары;
-Қазақстанның жоғары оқу орындарында студенттік Ассамблеялардың ашылуы;
-“Ассамблея жастары” ұйымының ЮНЕСКО халықаралық жастар қауымдастығына кіруі;
-Мемлекет басшысы Қасым -Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Тәжікстан Республикасына мемлекеттік сапары шеңберінде Тәжікстан Жастар одағымен ынтымақтастық туралы Меморандумы.
-“Jastar Generation-2024” халықаралық жастар лагері шеңберінде Орталық Азия елдерінің Жастар ұйымдары көшбасшыларының бірлестігі.
Әр бағыт бойынша студенттер нақтылайтын сұрақтар қойып, жеке тұлғаны дамыту және көшбасшылық қасиеттерді дамыту бойынша тәжірибеге бағытталған кейстерді қамтитын жауаптар алды.
Жалпы білім беретін пәндер кафедрасы