“Қазақстан халқы Ассамблеясының жастар бастамаларын іске асыру”диалог алаңы туралы студенттердің пікірлері

2024 жылғы 6 желтоқсанда “Bolashaq” Академиясының студент жастары “Bolashaq” Академиясында “Ассамблея жастары” РҚБ төрағасының орынбасары, Республикалық студенттер Ассамблеясының басшысы, Қарағанды облысындағы “Ассамблея жастары” РҚБ өкілдігінің басшысы, Қарағанды облысы әкімдігіндегі жастар ісі жөніндегі кеңестің мүшесі А.Н. Урмашовтың қатысуымен өткен диалог алаңы туралы өз ой-пікірлерін ортаға салды.

Іс-шара өте мазмұнды және пайдалы болды. Александр Николаевич құнды тәжірибелерімен бөлісті және болашақта пайдалы болуы мүмкін кеңестер берді. Табысты жобалардың мысалдарын тыңдау және Ассамблеяның жастарға ұсынатын мүмкіндіктері туралы білу қызықты болды.

Сындарлы диалогқа ықпал еткен ашықтық пен өзара құрмет атмосферасы ерекше есте қалды.

.

“Қазақстан халқы Ассамблеясының Жастар бастамаларын іске асыруы” диалог алаңында біздің спикеріміз Александр Николаевич Урмашовтың Қазақстандағы жастармен жұмыс істеуде белсенді қатысушы екендігін, облыстық және республикалық деңгейде жауапты позицияларды иеленетінін білдім. Оның жұмысы жастар бастамаларын тиімді жүзеге асыруға бағытталған.

Осы іс-шарадан кейінгі менің қорытындыларым:

– әрқайсымыз өзіміздің жақсы идеямызды жүзеге асыра аламыз;-

– қазір жастарға берілетін мүмкіндіктерді пайдалана отырып, үлкен жетістікке жете аламыз;

– егер қатты қаласаңыз, ғарышқа ұшуға да болады.

ФМ-24-1к тобының студенті Городовая Анастасия

Бүгінгі диалог алаңының спикеріне шын жүректен құрмет пен таңданысымды білдіргім келеді. Александр Николаевич “Ассамблея жастары” Республикалық қоғамдық бірлестігінің жүзеге асыратын қызметі жөнінде, олардың Қазақстанның мәдени, экономикалық, экологиялық, білім беру, әлеуметтік дамуына қосқан үлесі туралы егжей-тегжейлі және көрнекі түрде айтып берді. Сондай-ақ, су тасқыны сияқты бүкіл ел үшінде болатын дағдарыс сәттерінде қолдау көрсететіндігін айтты.

Ф-24-1 тобының студенті Иванова Арина

Осындай бірлестіктердің арқасында біз жастар өзімізді және өз әлеуетімізді аша аламыз. “Ассамблея жастары”, жастар ісі жөніндегі комитеттер, студенттік ассамблеялар – бұл идеялар туындайтын және іске асырылатын орындар. Бұл шығармашылыққа арналған орындар. Ең әдемі нәрсе-кез-келген адам осы қауымдастықтың бір бөлігі бола алады және әлемді жақсарта алады. Кездесу модераторына, жалпы білім беру пәндері кафедрасының аға оқытушысы Илясова Алия Укужановнаға ерекше алғысымды білдіргім келеді.

ИН-24-1-к тобының студенті Агибаева Алина

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.