“Қазақ филологиясы: бүгіні мен болашағы” секциялық отырыстың есебі

«Bolashaq» Академиясының қолдауымен 2025 жылдың 28 ақпанында өткен «Жастар және қазіргі заманауи әлемдегі мәселелер» тақырыбында өткен студенттер, магистранттар, докторанттар және жас ғалымдардың республикалық ғылыми-практикалық конференциясының филология бағыты бойынша секциялық мәжілісі өтті.

«Қазақ филологиясы: бүгіні мен болашағы» атты №3 секция жұмысына қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушылары, ЖОО қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасы магистранттары мен студенттері қатысты.  Ғылыми-практикалық конференциясының секциялық жиналысында баяндама жасаушылар баяндамаларымен таныстырып, ойларын ортаға салды, сұрақтарға жауап беріп, пікірлерімен алмасты. Секциялық мәжілісі қорытындыланып, ерекшеленгендеріне орындар бөлінді.

1-орын. Толендина Индира, «Bolashaq» Академиясының қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасының 2 курс магистранты. Мақала тақырыбы: «Қазіргі қазақ повесть-әнгімелеріндегі лиризм және психологизм».

2-орын. Ибраева Махаббат, «Bolashaq» Академиясының қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасының 2 курс магистранты. Мақала тақырыбы: «Қазақ әдебиетіндегі әнші ақындар, күйшілер бейнесінің сомдалуы».

2-орын.  Акбар Ақниет, «Bolashaq» Академиясының қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасының 2 курс магистранты. Мақала тақырыбы: «Қамшы сөзінің этномәдени сипаты»

3-орын. Саржанова Айниса, Bolashaq» Академиясының қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасының 2 курс магистранты. Мақала тақырыбы: «Қазақ тіліндегі фразеологизмдердің өзіндік айырмашылықтары».

3-орын.  Елтаева Айымгүл, «Bolashaq» Академиясының қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасының 2 курс магистранты. Мақала тақырыбы:

«Очерк жанрының өзіне тән ерекшеліктері».

 «Жастар және қазіргі заманауи әлемдегі мәселелер» тақырыбында өткен студенттер, магистранттар, докторанттар және жас ғалымдардың республикалық ғылыми-практикалық конференциясына білім беру бағдарламасы магистранттарының, әсіресе студенттерінің қызығушылықпен қатысқандығы байқалды.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.