«Қауіпсіз болашақ» ақпараттық-профилактикалық жобасы

«Bolashaq» Академиясында «Қауіпсіз болашақ» ақпараттық-профилактикалық жобасы аясында студенттермен маңызды кездесу өтті.
Іс-шараның мақсаты – жастар арасында нашақорлықтың алдын алу және қаржылық сауаттылық деңгейін арттыру.


Кездесуге Қарағанды қаласы Полиция басқармасының есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің өкілдері, сондай-ақ Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің мамандары қатысты. Мамандар өз сөздерінде есірткі қылмысының алдын алу, оның қоғамға тигізетін зияны, сондай-ақ қаржылық сауаттылық пен жасанды интеллекттің қазіргі қоғамдағы рөлі туралы жан-жақты ақпарат берді.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.