“Атамекен” ҰКП өкілдерімен кездесу

Біздің қаламыздың колледждері мен ЖОО студенттеріне арналған мемлекеттік бағдарламалар мен жобаларды түсіндіру бойынша ақпараттық жұмыс шеңберінде бүгін Қарағанды облысы “Атамекен” ҰКП шағын кәсіпкерлікті дамыту бөлімінің бастығы Б.Т. Ахметованың және “БЖЗҚ” АҚ Қарағанды облыстық филиалының жетекші маманы А.А. Түсіпбекованың бірлесуімен Қарағанда қаласы, “Bolashaq” Академиясының студенттерімен кездесу өткізілді.

🔷Кездесу барысында жұмыспен қамту бойынша мемлекеттік бағдарламалар мен ең төменгі бөлшек саудалары іске асыратын жастар жобалары, сондай-ақ қолжетімді тұрғын үй бағдарламалары мен зейнетақы қоры жүйесі түсіндірілді.

✅Кездесу соңында студенттердің сұрақтарына толық жауаптар берілді.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.