2024 жылдың 30 қазанында Қарағанды облысы білім басқармасының «Сарыарқа дарыны» балаларға қосымша білім беру аймақтық ғылыми-практикалық орталығы 8-11 сынып оқушылары арасында І облыстық «Қасым оқуларын» өткізді.

Облыстық байқауда “Bolashaq” Академиясынан ф.ғ.к., профессор Сембиев Құрманғазы Зәкірұлы қазылық етті. Қасым өмірден ерте кеткенмен, ол болашақ ұрпаққа мол мұра қалдырды. Бейбіт өмірді, қан майданды, туған жер мен ата-ананы, достық пен махаббатты, көңіл күйі мен табиғатты биік парасаттылықпен, шынайы сезіммен, зор тебіреніспен жырлады.

Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, табиғи дарындарын анықтау мақсатында өткізілген байқау өте жоғары дәрежеде ұйымдастырылды. Байқаудың соңында оқушыларға “Bolashaq” Академиясы таныстырылып, буклеттер мен «ЛиМоНаД» журналы таратылды.