29 қазанда Қасым үйінде жастар арасында жастардың әлеуметтік бағытын, өмірлік бағдарын анықтау мақсатында зерттеу қорытындылары бойынша брифинг өтті. Брифингте маусым-қыркүйек айлары аралығында өткізілген әлеуметтік зерттеудің (сауалнама) қорытындысы ұсынылды. Зерттеу нысанынында Қарағанды облысы бойынша 14-35 жас аралығындағы жастар қамтылған. Сауалнамаға 900 респондент қатысып, 6 қала, 7 аудан жастары өткен. Жастарға жалпы бірдей сұрақтар қойылған. Олар : девианттық және делинквенттік мінез-құлық, жастардың қаржылық жағдайларына көңілі толатын-толмайтыны, жұмыс іздеудегі құралдар, экономика, бизнес, достық , жеке құндылықтар, көші-қон, жағымсыз әдеттер және өзге де көптеген тақырыптар.
Мысалы : көші-қон мәселесіне келсек, облыс жастарының 39.9% -ы еліміздегі басқа өңірлерге көшу ниетін білдірсе, 20.8% тұрғылықты жерінен көшуді жоспарламайды. Ал қалған 4.4% жастар шетелге кеткісі келеді екен. Яғни көпшілігі ішкі көші-қонға ұмтылады.
Жалпы зерттеу нәтижесі облыс жастарының өз өмірлеріне көңілі толатындықтарын көрсетеді.
Исмаилова Р.Н.
Әлеуметтік және тәрбие ісі жөніндегі проректор