Астанада ЖОО-лардың Тұрақты даму мақсаттарын іске асырудағы рөлі талқыланды

2026 жылғы 10 сәуірде Астана қаласында Қазақстан жоғары оқу орындарының Тұрақты даму мақсаттарын іске асыруға қосатын үлесіне арналған дөңгелек үстел өтті. Қазақстан Республикасында университеттер, азаматтық қоғам, мемлекеттік органдар мен халықаралық ұйымдар арасындағы өзара іс-қимылды нығайту ерекше маңызға ие болып отыр.

Іс-шараның мақсаты – жоғары оқу орындары мен мүдделі тараптардың өзара байланысын күшейту мүмкіндіктерін талқылау, тұрақты даму қағидаттарын білім беру, ғылыми-зерттеу және жастар қызметіне енгізу, сондай-ақ тұрақты даму міндеттеріне бағдарланған бәсекеге қабілетті кадрларды даярлау бойынша келісілген тәсілдерді қалыптастыру болды.

Іс-шараны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі, Экономикалық зерттеулер институты және БҰҰ-ның Елдік командасы ұйымдастырды.

«Bolashaq» Академиясы атынан іс-шараға академиялық мәселелер жөніндегі проректор Тлеужанова Г.К. қатысып, жоғары оқу орындары өкілдерімен бірге келесі негізгі мәселелерді талқылауға белсенді қатысты:

  • жоғары оқу орындарының Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу және оларды жоғары білім беру жүйесіне енгізудегі стратегиялық рөлі;
  • тұрақты даму басымдықтарын ескере отырып, білім беру бағдарламалары мен ғылыми-зерттеу қызметін жетілдіру;
  • білім алушылардың тұрақты даму міндеттеріне бағытталған кәсіби және әмбебап (надкәсіби) құзыреттерін қалыптастыру, адами капиталды дамыту және т.б.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.