2025 жылғы 9 желтоқсанда «Bolashaq» Академиясының «Педагогика» кафедрасының магистрі, аға оқутушысы Сабира Сартаевна Шутенова 2 курсстуденттері, яғниПиП-24-2, ПМНО-24-2, К-24-1, ИН-24-2 топтарында «Педагогика» пәнінен «Балаларды тәрбиелеу бойынша мектеп пен отбасының жұмысы» тақырыбында ашық практикалық-семинар сабағын өткізді.

Семинардың мақсаты – қазіргі білім беру кеңістігінде отбасы мен мектептің өзара байланысын жетілдіру, баланың тұлғалық дамуына ықпал ететін тиімді тәрбиелік механизмдерді ғылыми негізде талдау.
Практикалық ашық сабаққа қатысқандар: ОӘБ маманы Конысбаева Ж.М.
«Педагогика» кафедрасының меңгерушісі: Абдрахманова А.С., және педагогика кафедрасының аға оқытушылары: Арунова Ж.А., Тажинин А.М., Есмагулова А.А.

Ашық семинарлық сабақтың барысында келесі мәселелер қарастырылды:
- бала тәрбиесіндегі отбасының әлеуметтік-педагогикалық рөлі;
- мектеп пен отбасы арасындағы серіктестік үлгілері және оларды ұйымдастыру жолдары;
- педагог пен ата-ананың конструктивті қарым-қатынас орнату әдістері;
- тәрбиелік үдерісте заманауи технологияларды қолданудың тиімділігі;
- оқушының тұлғалық, эмоциялық және әлеуметтік дамуына екі орта ықпалының ғылыми негіздері.


Өткізілген семинарда оқытушы мен студенттер болашақ мұғалімнің көзқарасы тұрғысынан отбасы мен мектептің өзара іс-қимыл ерекшеліктерін қарастырды. Және де, студенттер ғылыми баяндамалар ұсынады, пікірталас алаңдары ұйымдастырылды және мектеп–отбасы–қоғам жүйесінің бірлескен жұмысына қатысты тәжірибелік ұсыныстар қарастырылды.
Негізгі назар — тиімді ынтымақтастық орнату жолдары, жанжалдардың алдын алу тәсілдері және тәрбиелік үдерісті бірлесе ұйымдастыру мүмкіндіктерін талдап өтті.


Студенттер сабақ барысында жоғары белсенділік танытты. Тапсырмалар шығармашылық бағытта орындалып, болашақ маманның кәсіби тәжірибесімен тығыз ұштасып отырды. Сабақ соңында оқытушы студенттермен біріге отырып, сабақтың мақсаттарына қайта оралып, олардың жетістіктерін қорытындылап, орындалған жұмыстардың нәтижелерін талқылады. Әр студенттің әрекетіне бағалау жүргізіліп, тиісті түсіндірмелер берілді.

Осылайша, семинардың құрылымы бірізді және логикалық түрде ұйымдастырылып, пәннің жұмыс бағдарламасына толық сәйкес өтті. Құрылымы анық әрі түсінікті болды, ашық сабақ барысында тақырыпқа қатысты барлық жоспарланған мәселелер толық қамтылды.
Педагогика пәнінен практикалық сабақ нәтижесінде болашақ педагогтар тәрбиелік үдерістегі интеграциялық тәсілдермен танысып, кәсіби құзыреттіліктерін дамытады.