Жастардың қаржылық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ ЖОО оқушыларының ғылыми білімін насихаттау және ғылыми қызметке деген қызығушылығын дамыту, дарынды жастарды анықтау үшін қажетті жағдайлар жасау, оларды одан әрі зияткерлік дамыту мақсатында ҚР Қаржы мониторингі агенттігі студенттер мен магистранттар арасында қаржылық қауіпсіздік бойынша Ұлттық олимпиада өткізеді.
Осыған байланысты Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті 07.04.2025 жылы «Bolashaq» Академиясында «Құқықтану» және «Қаржы»ББ бойынша 2-3 курс студенттеріне семинар-тренинг өткізді.
Олимпиадаға қатысқаннан кейін студенттер мынадай сұрақтарға жауап алды:
- Қаржымызды алаяқтардан қалай қорғауға болады?
- Қаржылық тәуекелдерді қалай болдырмауға болады?
- Қаржы пирамидаларының тұзағына қалай түспеуге болады?
Финқауіпсіздік ҚРК #Қаржықауіпсіздік # Олимпиада2025
📍 Қосылыңыз және қаржылық қауіпсіздік туралы біліміңізді тексеріңіз!
📍 Толығырақ және сілтеме бойынша тіркелу: