2026 жылғы 3 сәуірде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде «Ашық экономика: қаржы пирамидаларымен күрестегі кооперативтердің рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Оған депутаттар, мемлекеттік органдардың өкілдері мен сарапшылар қатысты. «Bolashaq» Академиясынан құқықтық және қаржылық пәндер кафедрасының меңгерушісі Қабжанов Ақылбек Тайбулатұлы және кафедраның аға оқытушысы Ахметова Әсел Қасенқызы қатысты.

Дөңгелек үстел барысында Қазақстан Республикасында қаржы пирамидаларының алдын алу бойынша заңнаманы жетілдіру мәселелері талқыланды.

Іс-шара қорытындысында аталған мәселені шешуге бағытталған практикалық ұсыныстар әзірленіп, қатысушылар кәсіби пікір алмасты.