«Қаржы әлеміне саяхат» атты қаржылық викторинасы өтті

«Bolashaq» Академиясында кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында орта білім беру ұйымдарының 11-сынып оқушылары арасында «Қаржы әлеміне саяхат» тақырыбында қаржылық викторина ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өткізілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың қаржылық сауаттылығын арттыру, экономика мен қаржы саласына деген қызығушылығын ояту, сондай-ақ болашақ мамандық таңдауға бағыт-бағдар беру.

Викторинаға келесі білім беру ұйымдарының оқушылары қатысты:
«М.Жұмабаев атындағы №39 гимназиясы» КММ
Абай Құнанбаев атындағы №5 мектеп-гимназиясы
«№16 ЖББМ» КММ
Көкпекті жалпы білім беретін мектебі
«66 мектеп-лицейі» КММ

Викторина қорытындысы бойынша жүлделі орындар:

І орынКөкпекті жалпы білім беретін мектебі
ІІ орын«№16 ЖББМ» КММ
ІІІ орынАбай Құнанбаев атындағы №5 мектеп-гимназиясы

Барлық қатысушылар өз білімдерін, тапқырлықтарын және қаржы саласына деген қызығушылықтарын көрсете білді.

Бүгінгі викторинаның әділқазылар алқасы:

Хасенов Болат Рашидович – «Bolashaq» Академиясының Ғылым және халықаралық байланыс басқармасының басшысы
Асанова Айганым Аманбаевна – ҚР ҚМ ІМАК Қарағанды облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің бас маманы – мемлекеттік аудиторы
Усувалиева Зайра Казыгуловна – менеджмент магистрі, Құқықтық және қаржылық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, Атамекен аймақтық кәсіпкерлер палатасының маркетологы
Оралова Райхан Токеновна – Құқықтық және қаржылық пәндер кафедрасының аға оқытушысы

Викторина барысында оқушылар қаржы, экономика, бюджет, жинақ, банк жүйесі және жеке қаржыны басқару тақырыптары бойынша білімдерін сынап, өзара белсенді сайысқа түсті.

Осындай тағылымды әрі танымдық іс-шаралар жас ұрпақтың қаржылық мәдениетін қалыптастыруға, саналы мамандық таңдауға және болашаққа сенімді қадам жасауына ықпал етеді.

Барлық қатысушыларға, жетекшілерге және әділқазылар алқасына алғыс білдіреміз!

Жауапты:
Оралова Райхан Токеновна – Құқықтық және қаржылық пәндер кафедрасының аға оқытушысы

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.