2022 жылдың 21 қыркүйегінде “Bolashaq” Академиясының барлық білім беру бағдарламаларының I курс студенттері және жалпы білім беру пәндері кафедрасының оқытушылары Аупенова А. У. және Айтжан Д. К. Қарағанды облысының мемлекеттік мұрағатымен ынтымақтаса отырып және “Рухани Жаңғыру” бағдарламасының “Архив-2025” арнайы жобасымен танысу аясында “Архив және болашақ ұрпақ” атты ашық есік күніне қатысты.
Экскурсия барысында студенттер Қарағанды облысының мемлекеттік мұрағатының қоймаларында болып, қорлармен, оның сақтау режимімен және сақталуын қамтамасыз етумен танысты. Архив қызметкерлері архив қорынан түпнұсқа, құнды архивтік құжаттармен практикалық сабақтар өткізді. Кездесуге қатысушылар мұрағат істерімен танысып, мұрағат құжаттарымен жұмыс істеудің және оларды электрондық форматқа көшірудің негізгі зерттеу дағдыларын алды.
Жоба аясында архивте “Қарағанды-менің кіші Отаным” атты тарихи – деректі көрме жұмыс істеп тұрды және “Қарағанды облысында архив қызметінің құрылу тарихы бойынша”атты деректі фильм көрсетілді.
Академия студенттері архив жұмысының қызметіне шынайы қызығушылық танытты және дәл осы архив өткен, қазіргі және болашақ көкжиектерін біріктіретін тұғырнама болып табылатынына көз жеткізді, өйткені дәл осы архивтің көмегімен елдің, жекелеген өңірдің одан әрі дамуына ықпал ететін қандай да бір тарихи фактіні растауға болады. Еліміздің және шетелдердің архив қорларындағы құжаттық көздер ұлттық мәдениетті сақтауға, қазақстандық қоғамның қоғамдық санасын жаңғыртуға, оның рухани жаңғыруына ықпал етеді.