Бүгін «Bolashaq» Академиясының ректоры Аданов Қуанышбек Бұланұлы «Жалпы білім беру пәндері» кафедрасының профессоры, ҚР әлеуметтік ғылымдар Академиясының академигі, ардагер ұстаз, философия.ғ.д. Еликбаев Наби Еликбаевичпен кездесті.

Кездесу барысында білім беру бағдарламаларын жетілдіру, ғылыми зерттеулерді дамыту және Академияның кадрлық әлеуетін нығайту мәселелері талқыланды. Профессор Н. Елікбаев өзінің бай тәжірибесімен бөлісіп, оқу үдерісін жақсартуға және түлектердің еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған бірнеше бастамалар ұсынды. Ректор Қ.Б. Аданов профессор Елікбаевқа Академияның дамуына қосқан үлесі үшін алғысын білдіріп, мұндай кездесулер тәжірибе алмасу және «Bolashaq» Академиясының одан әрі даму стратегияларын әзірлеу үшін маңызды екендігін атап өтті.

Елікбаев Нәби – полиция полковнигі, ҚР ІІМ «Құрметті ардагері».
300-ден астам ғылыми еңбектің авторы.
2002-2010 жылдары ҚР БҒМ Философия және саясаттану институты жанындағы Д.53.36.01 диссертациялық кеңесінің және ҚР Қорғаныс министрлігі мен ҰҚК Академиясы жанындағы құқық, педагогика және психология бойынша Д3-14.01.01 жабық кеңесінің мүшесі болды. Философия ғылымдарының докторлары мен кандидаттарын даярлауға белсенді жетекшілік етіп, қатысқан.
- «Қазақстан экономикасы және құқығы», «Оқушы тәрбиесі», ҚР ІІМ Қарағанды жоғары мектебінің «Вестник» республикалық ғылыми-теориялық және практикалық журналдарының редакциялық алқасы құрамында жұмыс істеді.
- 1998-2010 жылдары Орталық Қазақстанда философиядан кандидаттық емтихандар қабылдау бойынша аймақтық комиссия мүшесі болды. Қарағанды қаласындағы жоғары оқу орындарында философия, саясаттану, әлеуметтану, мәдениеттану пәндері бойынша Мемлекеттік аттестациялық комиссияның (МАК) тұрақты төрағасы қызметін атқарды.
- Қарағанды қаласы мен республика жоғары оқу орындары оқытушыларының ғылыми мақалаларына, оқу құралдарына және монографиялық еңбектеріне тұрақты түрде рецензия жасайды.
- Қала мен республика көлеміндегі түрлі ғылыми-теориялық және практикалық конференцияларда өз еңбектерін ұсынатын студенттер мен жас оқытушылардың ғылыми жетекшісі болып табылады.
- Қазіргі уақытта «Bolashaq» академиясының «Қазіргі заманның өзекті мәселелері» атты халықаралық журналының редакциялық алқасының мүшесі.