Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бастамасымен студенттермен экологиялық тренинг өтт

2025 жылдың 23 қыркүйегінде «Bolashaq» Aкадемияcында Қарағанды облысының Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының бастамасымен студенттерге арналған экологиялық тренинг өткізілді. Іс-шараның мақсаты — жас ұрпақты экологиялық саналы өмір салтына баулу, табиғатты қорғау және тұрақты даму қағидаттары бойынша практикалық білім беру болды.

Тренинг бағдарламасы бірнеше блоктан тұрды. Алғаш рет экология және тұрақты даму саласының білікті маманы интерактивті дәріс оқып, теориялық материалды нақты өмірлік мысалдар арқылы жеткізді. Баяндамашы заманауи экологиялық қатерлерді, қоршаған ортаның ластану көздерін және олармен күресу жолдарын түсіндіре отырып, студенттердің белсенді қатысуымен пікірталас және сұрақ-жауап сессияларын ұйымдастырды.

Іс-шара барысында студенттермен қоршаған орта мәселелері бойынша ашық пікірталастар жүргізілді. Қатысушылар аймақтық экологиялық проблемаларды талқылап, олардың алдын алу және шешу бағытындағы ұсыныстарын ортаға салды.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.