«Bolashaq» Академиясының Фармацевтикалық пәндер кафедрасының оқытушылары Блялев С.А. және Темиреева К.С. Қарағанды облыстық жоғары мейіргерлік колледжінде Фармацевтикалық бөлімнің меңгерушісі Соловьёва Л.В. және Фармацевтикалық пәндер кафедрасының оқытушысы К.А. Житкенбаеваның қатысуымен студенттерге кәсіби бағдар беру жұмысын жүргізді.

Фармацевтикалық мамандық бойынша осы оқу жылында 60 студент бітіреді. Студенттерге «Bolashaq» Академиясының білім беру бағдарламалары туралы толық мәлімет беріліп, талапкерлер оқуға қабылдау ережелерімен таныстырылды. Академия туралы презентациялар мен бейнероликтер көрсетіліп, ақпараттық буклеттер таратылды.


Студенттер тарапынан оқуға түсу ережелері, оқу ақысы және жатақханамен қамтамасыз етілу мәселелері бойынша сұрақтар қойылды. Аға оқытушы Темиреева К.С. студенттердің сұрақтарына толық жауап беріп, фармация мамандығына түсу үшін емтихан тапсыру қажет еместігін, білім беру бағдарламасына сәйкес әңгімелесу арқылы қабылдау жүргізілетінін айтты.