Қарағанды қаласының № 48 мектебіндегі кәсіптік бағдар беру жұмысы

20 мамырда фармацевтикалық пәндер кафедрасының өкілдері № 48 Қарағанды орта мектебінде кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді.

Кафедра доценті Г.Д. Құрбанова мен студенттер – Әлихан Мұсаилов және Әбдікәрім Гүлнар бітіруші сынып оқушыларына академияның білім беру бағдарламалары, академияға оқуға түсу кезіндегі ережелер мен мүмкіндіктер туралы айтып берді.

Оқушыларға біздің ЖОО туралы ролик көрсетілді, академияның білім беру бағдарламалары туралы ақпараты бар буклеттер таратылды.

Оқушылардың бейіндік пәндер бойынша өту балдарының мөлшері туралы, оқуға түсу кезіндегі, оқу процесіндегі төлем жеңілдіктері туралы, ЖОО-дағы оқудан тыс қызмет туралы сұрақтарына жауап берілді.

Қорытындылай келе, академия өкілдері оқушыларға ҰБТ-ның сәтті өтуін және жаңа оқу жылында мүмкін болатын кездесуді тіледі.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.