2025 жылғы 10 желтоқсанда педагогика кафедрасының өкілдері С.С. Шутенова және А.М. Тажинин Қарағанды қаласындағы «№86 жалпы орта мектебі» КММ-да 11-сынып оқушылары (қазақ және орыс тілдерінде оқитын) арасында кәсіби бағдарлау жұмысын жүргізді.

Іс-шара аясында қонақтар жоғары сынып оқушыларымен болашақ мамандықты саналы түрде таңдау маңыздылығын талқылады. Кәсіби өзін-өзі анықтау – өмірлік бағыт пен жеке мақсаттарды айқындайтын маңызды қадам екені атап өтілді. Сонымен қатар, қонақтар түлектерді білім беру бағдарламаларымен, оқуға қабылдау шарттарымен, оқу ерекшеліктерімен және болашақ еңбек перспективаларымен таныстырды.
Оқушылар талқылауға белсенді қатысып, Академияға түсуге қатысты сұрақтар қойды.

Содан кейін оқушыларға Академиямыз туралы бейнеролик көрсетіліп, олардың болашақ мамандықтарын таңдауына көмектесу мақсатында таныстырылды. Сондай-ақ, оқушыларға Академиямыздың білім беру бағдарламалары туралы ақпаратты қамтитын брошюралар таратылды.
Кездесу түлектерді кәсіби өзін-өзі анықтауға дайындаудың маңызды бөлігі болып, олардың одан әрі білім алу мүмкіндіктері туралы хабардарлығын арттыруға және болашақ мамандық таңдауда дұрыс бағдарлануына ықпал етті.
