Академияның Ғылыми-техникалық кеңесінің отырысы

2025 жылғы 10 қыркүйекте Академияның бас ғимаратының конференц-залында Ғылыми-техникалық кеңестің отырысы өтті. Отырысқа кеңес мүшелері мен ғылыми-зерттеу жұмыстары (ҒЗЖ, ҒЗЖС, ҒЗЖМ) бойынша жауаптылар толық қатысты.

Күн тәртібінде 2025–2026 оқу жылына арналған ҒТК құрамын және жұмыс жоспарын бекіту, ҒЗЖ, ҒЗЖС, ҒЗЖМ, студенттік ғылыми үйірмелердің, ғылыми орталықтың және кафедралардың жоспарларын қарастыру және бекіту мәселелері қамтылды. Сондай-ақ, Жас ғалымдар кеңесінің құрамы мен жұмыс жоспары, Академияның ғылыми-практикалық конференцияларының кестесі және Академияның ғылыми еңбектерін жариялау жоспары (халықаралық ғылыми-библиографиялық базаларда индекстелетін мақалалар, монографиялар, ғылыми еңбектер жинақтары және т.б.) бекітілді.

Күн тәртібіндегі барлық мәселелер жан-жақты талқыланып, бірауыздан мақұлданды. Отырыс Академияның ғылыми-зерттеу қызметін дамыту мен студенттер мен жас ғалымдардың бастамаларын қолдау басымдығын тағы да айқындады.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.