2024 жылғы 11-12 қыркүйекте Алматыда С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті базасында ҚР неврологтар қауымдастығы, гепатологтар және гастроэнтерологтар мамандары қоғамы, респираторлық медицина мамандары қауымдастығы, ҚР клиникалық фармакологтар мен фармацевтер қауымдастығы, Халықаралық фармацевтикалық өндірушілер қауымдастығы қатысуымен ҚР – да “Адам және дәрі-Қазақстан” XVII халықаралық конгресі өтті.
ҚР ҰҒА академигі, м.ғ.д., проф., “Адам және дәрі – Қазақстан” Конгресінің құрметті президенті, “Клиникалық фармакологтар мен фармацевтердің кәсіби қауымдастығы” РҚБ президенті Раиса Салмағанбетқызы Күзденбаева (Алматы, Қазақстан) және Марат Едігеұлы Шоранов, С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ ректоры (Алматы, Қазақстан), құттықтау сөз сөйледі.
Конгресс жұмысына Ресей, Украина және АҚШ-тан белгілі ғалымдар мен практик дәрігерлер, сондай-ақ Қазақстанның түрлі медициналық жоғары оқу орындары мен ғылыми-медициналық орталықтарының өкілдері қатысты.
Барлық баяндамалар медицинаның ең өзекті мәселелеріне арналды, оның ішінде конгресс қатысушылары көптеген жаңа ақпарат ала алды.
Конгреске “Bolashaq” Академиясының фармацевтикалық пәндер кафедрасының оқытушылары да қатысты. Екінші күннің соңында барлық қатысушылар сертификаттар алды.