2023 жылғы 10 мамыр күні Құқықтық және қаржылық пәндер кафедрасының доценті, з.ғ.к. А.М. Малдыбаев Ю-21-2 тобымен «Адалдық -адамдық белгісі» атты кураторлық сағат өткізді. Кураторлық сағаттың мақсаты: студенттерге адалдық пен шындықтың адами қарым-қатынастағы мәнін түсіндіру, адалдық, шыншылдық қасиеттерін қалыптастыруға ықпал ету, адал, шыншыл болуға тәрбиелеу болып табылады. Ары таза адал адам мәнді өмір сүреді. Оның ішінде Отанына, отбасына, қоғамға адалдық адамның өзіне, өзгеге,болашаққа деген сенімен арттыра түсетіні туралы сөз қозғады.
А.М. Малдыбаев адалдық тақырыбына «Адалдық-ардың ісі» атты баяндама жасады.
Адалдық әр адамның өзін де, өзгені де сыйлауын көрсетеді. Адалдық – адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Адам бағасының бір өлшемі де іспетті. “Адалдық” деген сөз шыншылдық, айнымастық, шын берілгендік сияқты игі қасиеттерді еске салады. Қазақ пайымында адам бойында адалдық – пәктік, ар-ұждан, жан тазалығы тәрізді т.б. асыл қасиеттердің жиынтығынан тұрады. Көшпелі қазақтардың адамгершілік, адалдық қасиеттері тұрғысынан кіршіксіз таза, мәрт болатындығы туралы шетелдік саяхатшылардың қолжазбалары мен күнделіктерінен де кездестіруге болады.
Адалдық біздің жан дүниемізден басталады. Ол адами қарым-қатынастан және іс-әрекетімізден көрінеді. Адал адамға сенім артуға болады, оның қандай жағдайда да күмән келтіруге болмайды.Адалдығы бар адамның рақымы мол болады.
Кураторлық сағат өте қызықты өтті.Студенттер баяндаманы аса ыждаһатпен тыңдап, өз пікірлерімен бөлісті.