Ұлы ақын, ойшыл, ағартушы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған облыстық эссе байқауы аясында ИН-25-3к тобының 1 курс студенті Шаймуратова Аружан екінші кезеңге өтті.

Байқаудың басты мақсаты – Абайдың әдеби мұрасын кеңінен насихаттау, жас ұрпақтың ұлттық рухани құндылықтарға қызығушылығын арттыру, олардың шығармашылық қабілеттері мен эстетикалық талғамын дамыту. Сонымен қатар, Абай мұрасына терең бойлау арқылы жастарды адамгершілікке, рухани-мәдени құндылықтарға тәрбиелеу және адалдық пен әділеттілік идеяларын дәріптеу көзделеді.

Бұл мақсаттар ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған «Әділ қоғам» тұжырымдамасымен үндеседі және жастардың азаматтық жауапкершілігін арттыруға бағытталған. Байқау Абайдың «Толық адам» философиясын негізге ала отырып, жас буынды ақыл, қайрат және жүрек үйлесіміне тәрбиелеуді, оның терең идеяларын заманауи форматта танытуды көздейді. Сондай-ақ, өңірдегі білім, мәдениет және өнер ұйымдары арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға, жас дарындардың шығармашылық әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді. Студенттің ғылыми жетекшісі «Шетел тілдері және мәдениетаралық коммуникация» кафедрасының аға оқытушысы Альжанова А.Ы. Қорытындысы 27 қарашада белгілі болады.