2024 жылдың 11 қарашасында Қарағанды облысы білім басқармасы «Сарыарқа дарыны» балаларға қосымша білім беру аймақтық ғылыми-практикалық орталығы, «Дарын» мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының базасында 8-11 сынып оқушыларына арналған «Ақберен» республикалық өнер байқауының облыстық кезеңі өткізілді.

Аталаған байқауда «Bolashaq» Академиясы, «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының профессоры Қ.З.Сембиев қазылық етті. Байқауға жалпы 105 оқушы қатысып, 6 номинация бойынша қазылар алқасы баға берді.

Әр номинация бойынша І-орын иегерлері 13-15 қараша күндері Астана қаласында өтетін Республикалық байқауға қатысады.