2025 жылдың 27 сәуірі мен 4 мамыры аралығында иммундау апталығы өтеді



Бүгінгі таңда әр елде ұлттық иммундау бағдарламасы жүріп жатыр және вакциналар көптеген аурулардың алдын алудың ең қауіпсіз және тиімді шараларының бірі болып саналады. Бес онжылдықта ұлттық жоспарлы иммундау бағдарламалары дамыды және кеңейді, ал бүгінгі күні ДДСҰ ұсыныстарына сәйкес, балаларға, жасөспірімдерге және ересектерге кем дегенде 13 ауыр ауруға қарсы вакцинациялауды қамтамасыз етеді.   #вакциналарӘрекетЕтуде #VaccinesWork #EIW2025
  
Дүйсенбі – 28 СӘУІР  
 

Қызылшаның алдын алуға вакцинация көмектеседі, бірақ қамтудың төмендігіне байланысты аурудың таралуы өсіп келеді. 2024 жылы Еуропа өңірінде қызылшаның 127 000 жағдайы тіркелді, науқастардың жартысына жуығы ауруханаға жатқызылды, 38 адам қайтыс болды. Егілген адам ауруды жұқтырғанның өзінде (мұндай жағдайлар 5%-дан аз), вакцина оны ауыр асқынулардан қорғайды.   #вакциналарӘрекетЕтуде #VaccinesWork #EIW2025  
СЕЙСЕНБІ – 29 СӘУІР    
             
Көкжөтел – бұл спазмодикалық жөтел шабуылдарын тудыратын тыныс жолдарының инфекциясы. Көкжөтел әсіресе нәрестелер мен жас балалар үшін қауіпті. АКДС-вакцинасының көмегімен көкжөтелдің алдын алуға болады.   #вакциналарӘрекетЕтуде #VaccinesWork #EIW2025  
                   
СӘРСЕНБІ 30 -СӘУІР
  
Вакцинация барлық жастағы адамдар үшін маңызды. Ұлттық иммундау бағдарламалары вакциналардың әр түрлі жаста иммундық жүйеге қалай әсер ететінін және қай кезеңде ауыр сырқаттану қаупі жоғары екенін ескереді.   #вакциналарӘрекетЕтуде #VaccinesWork #EIW2025 
 
БЕЙСЕНБІ 1 -МАМЫР      

Жатыр мойны обыры – вакцинаның көмегімен алдын алуға болатын ауру.   АПВ-ға қарсы вакцинация жатыр мойны обырының алдын алуда 90%-дан астам тиімділігін көрсетуде.   Әрбір қыз бала жатыр мойны обыры жоқ жарқын болашаққа лайықты!         #вакциналарӘрекетЕтуде #VaccinesWork #EIW2025  

ЖҰМА 2 -МАМЫР
    
 
2002 жылдан бері Еуропа және Орталық Азия өңірін полиомиелиттің эндемиялық таралуынан сақтай отырып, біз балалардың өмірін қорғап, полиомиелитті бүкіл әлемде жоюға көмектесудеміз (#endpolio). Әрбір екпе маңызды.               #вакциналарӘрекетЕтуде  #VaccinesWork #EIW2025  

СЕНБІ – 3 МАМЫР 
  
Инфодемия и распространение некорректной информации отрицательно сказываются на подходе людей к своему здоровью.     #вакциныработают  #VaccinesWork #EIW2025   (EU, КСЕК, НЦОЗ и МЗ коллаборацию)  
Инфодемия және жалған ақпараттың таралуы адамдардың өз денсаулығына деген көзқарасына және әрекетіне кері әсерін тигізеді.   #вакциналарӘрекетЕтуде #VaccinesWork #EIW2025  
ЖЕКСЕНБІ – 4 МАМЫР  

Кейбір екпелер, мысалы, маусымдық тұмауға қарсы вакцина және көкжөтелге қарсы вакцина қауіпсіз және жүктілік кезінде де қолдануға ұсынылады. Олар сіздің иммундық жүйеңіз әлсіреген кезеңде сізді қорғайды, сонымен қатар плацентаға еніп, кішкентайыңызды ерте жаста ауыр аурулардан қорғауға көмектеседі.   #вакциналарӘрекетЕтуде #VaccinesWork #EIW2024

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.