«№1 Гимназия» КММ-дегі кәсіби бағдар беру кездесуі

2025 жылғы 15 cәуірде «№1 Гимназия» КММ-де 11 «А» және 11 «Б» сынып оқушыларымен кәсіптік бағдар беру кездесуі өткізілді. Іс-шараны Шет тілдері және мәдениетаралық коммуникация кафедрасының аға оқытушысы А.Ы. Әлжанова өткізді.


Кездесу барысында оқушыларға «Bolashaq» Академиясының қолданыстағы білім беру бағдарламалары, сондай-ақ түсу шарттары, академиялық ұтқырлық мүмкіндіктері және түлектерді жұмысқа орналастыру перспективалары туралы айтылып, түсіндірілді. Әлжанова А.Ы. өзінің кәсіби тәжірибесімен бөлісті, студенттік өмірі, ғылыми бағыты жөнінде айтып берді, сондай-ақ оқушылардың көптеген сұрақтарына жауап берді.

Ағылшын тілінің қазіргі әлемдегі рөліне, әсіресе жаһандық білім беру және мәдениетаралық қарым-қатынас контекстіне ерекше назар аударылды. Кездесу жанды диалог форматында өтті және жоғары сынып оқушыларының қызығушылығын тудырды.
Шет тілдері және мәдениетаралық коммуникация кафедрасы гимназия әкімшілігіне ынтымақтастық пен жылы қабылдағаны үшін алғыс білдіреді.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.