

23.02.2026 ж. Академияда Ғылыми-техникалық кеңестің отырысы өтті.
Аталған отырыс аясында студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары конкурсының қорытынды кезеңі – жобаларды қорғау ұйымдастырылды.
Конкурсқа қатысқан 7 студент өз ғылыми жұмыстарын таныстырып, зерттеу нәтижелерін қорғады. Қатысушылар өзекті тақырыптарды көтеріп, ғылыми ізденіс деңгейін көрсетті.
Конкурс нәтижелері 27.02.2026 ж. өтетін «Жастар және қазіргі заманауи әлемдегі мәселелер» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясында жарияланады. Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі де аталған конференция аясында өтеді.
Барлық студенттерге белсенділігі мен ғылымға деген қызығушылығы үшін алғыс білдіреміз және алдағы уақытта жаңа жетістіктер тілейміз!

