


«Bolashaq» Академиясының 30 жылдығына арналған студенттердің, магистранттардың, докторанттардың және жас ғалымдардың (халықаралық қатысумен) Республикалық ғылыми-практикалық конференциясы аясында 2026 жылдың 27 ақпанында фармацевтикалық пәндер кафедрасында «Қазіргі даму кезеңіндегі химиялық-фармацевтикалық және биологиялық медицина ғылымдарының өзекті мәселелері» атты №7 секциялық отырыс өтті.
Сессияға «Фармация», «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» және «Биология» білім беру бағдарламаларының бакалавриат, магистратура және докторантура деңгейлерінің білім алушылары, сондай-ақ жас ғалымдар мен фармацевтикалық мамандардан жалпы 36 ғылыми жұмыс ұсынылды. Қатысушылардың құрылымы: 1 PhD доктор, 2 докторант, 8 магистрант, 24 бакалавриат студенттері және «ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті» РММ 1 бас маман. Қатысушылардың географиясы Қазақстан Республикасының (Қарағанды, Астана және Алматы қ.) және Қырғыз Республикасының (Манас қ.) аймақтарын қамтыды.
Жұмыстардың ұйымдар бойынша бөлінуі:
• «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ – 11 жұмыс;
• «С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КеАҚ – 9 жұмыс;
• «Bolashaq» Академиясы – 8 жұмыс;
• «Астана медицина университеті» КеАҚ – 4 жұмыс;
• Орталық Азия Халықаралық медицина университеті (Қырғызстан Республикасы, Манас) – 2 жұмыс.
• «Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті» КеАҚ – 1 жұмыс;
• «Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша Департаменті» РММ – 1 жұмыс;
Секциялық отырыс барысында офлайн және онлайн форматтарда 19 баяндама тыңдалды. Кейбір жұмыстардың пәнаралық сипатына қарамастан, келесі негізгі зерттеу бағыттарын анықтауға болады: дәрілер мен парфюмерия-косметикалық өнімдерді әзірлеу – 30,6%, дәрілік өсімдік шикізатының фитохимия мен фармакогнозия мәселелері – 27,8%, медициналық-биологиялық және фармакологиялық зерттеулер – 16,7%, сондай-ақ фармацевтикалық нарық пен басқару мәселелеріне қатысты – 11,1%. Фармацевтикалық технологиялар және сапаны қамтамасыз ету саласындағы зерттеулер 8,3%, ал фармациядағы цифрлық технологияларға арналған жұмыстар 5,5% құрады.
Бұл таралу ұсынылған зерттеулердің жоғары ғылыми деңгейін, оның фармацевтикалық ғылымды, білім беруді және денсаулық сақтау саласын дамыту үшін өзектілігі мен практикалық маңыздылығын көрсетеді.
Талқылау мен ғылыми пікірталас нәтижелері бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді:
1-орын: Толонбаева М.Р. – Орталық Азия Халықаралық медицина университетінің студенті (Қырғыз Республикасы).
2-орын: Каманова А.А., Аскербай Н.Б. – «Астана медицина университеті» КеАҚ магистранттары; Садовая М.В., Боронов Ш.С. – «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ студенттері; Қарабаева Г.А. – «Bolashaq» Академиясының студенті.
3-орын: Джоробаева М.А. – Орталық Азия Халықаралық медицина университетінің студенті (Қырғыз Республикасы); Ертай Б.К. – «Астана медицина университеті» КеАҚ магистранты; Тезекбаева М.А. – «С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КеАҚ студенті; Кривоногова В.Е., Юнусова А.Д., Әлжанова Ш.З., Шакаримова Ж. – «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ студенттері; Оразғали А., Базылғаламова С.А. – «Bolashaq» Академиясының студенттері.
Секцияның қорытындылары табиғи шикізатқа негізделген дәрілік заттарды әзірлеу бойынша зерттеулерді жалғастыруды, стандарттау мен сапаны бақылауды күшейтуді, фармацевтика өнеркәсібін цифрландыруды алға жылжытуды, жас ғалымдарды қолдауды, импортты алмастыру саласындағы зерттеулерді кеңейтуді және нәтижелерді практикалық денсаулық сақтау мен фармацевтика өнеркәсібіне енгізу арқылы пәнаралық ғылыми ынтымақтастықты нығайтуды ұсынды. Секциялық отырыс Қазақстандағы және шетелдегі білім беру және ғылыми ұйымдар арасындағы ғылыми ынтымақтастықты нығайтуға, ғылыми тәжірибе алмасуға және фармацевтика және биомедициналық ғылымның перспективалы бағыттарын дамытуға ықпал етті.


