№6 «Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың өзекті мәселелері» секцияляқ отырыс есебі

2026 жылғы 27 ақпанда «Жастар және қазіргі заманның жаһандық мәселелері» атты халықаралық қатысумен өткен республикалық ғылыми-практикалық конференция аясында 6-секция – «Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың өзекті мәселелері» өткізілді.

Секцияға қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде 8 ғылыми жұмыс ұсынылды. Қатысушылар қатарында академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды зерттеу университетінің, «Bolashaq» академиясының студенттері мен докторанттары, сондай-ақ Ресейдің Пущино қаласындағы М.В. Келдыш атындағы Қолданбалы математика институтының филиалымен бірлескен зерттеу авторлары болды.

Баяндамалар лингвистика, қазіргі орыс әдеби тілінің даму үрдістері, үздіксіз білім беру жағдайындағы психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу, жасөспірімдер арасындағы интернет-тәуелділік, АҚШ пен Қытай арасындағы жаһандық бәсекелестік, сондай-ақ Қарағанды қаласындағы City Nature Challenge халықаралық турнирі қатысушыларының аудиториясын талдау мәселелерін қамтыды.

Секция жұмысы белсенді ғылыми талқылау форматында өтті. Баяндамашылар қойылған сұрақтарға жауап беріп, пікір алмасуға қатысты. Бір қатысушы онлайн форматта баяндама жасады.

Секция қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді:
І орын — Кром К.А.;
ІІ орын — Станюкевич И.И. және Федорова А.А.;
ІІІ орын — Жақсыкелдиева А.Ж. және Сағынтай Д.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге сертификаттар мен грамоталар табысталды.

Ұсынылған жұмыстар өзектілігімен, зерттеушілік сипатымен және практикалық маңыздылығымен ерекшеленді.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.