«Bolashaq» Академиясында ағылшын тілі бойынша облыстық байқау басталады

«Bolashaq» Академиясының Шетел тілдері және мәдениетаралық коммуникация кафедрасы Академияның 30 жылдық мерейтойына орай ағылшын тілі бойынша облыстық “You’re «Bolashaq» of Kazakhstan: Think. Speak. Act.” байқауының өткізілетінін хабарлайды.

Байқауға Қарағанды қаласы мен Қарағанды облысындағы жалпы білім беретін мектептердің 11-сынып оқушылары қатыса алады. Байқаудың мақсаты – шет тілдерін оқуға және мұғалім мамандығына қызығушылықты арттыру, сондай-ақ оқушылардың коммуникативтік және мәдениетаралық құзыреттілігін қалыптастыру.

Байқау командалық форматта өткізіледі. Әр мектептен құрамы үш оқушыға дейін бір команда қатыса алады. Қатысушылардың ағылшын тілін меңгеру деңгейі A2–B1-ден төмен болмауы тиіс. Байқаудың жұмыс тілі – ағылшын тілі. Қатысу тегін.

Байқау екі кезеңнен тұрады.

І кезең (іріктеу, қашықтан) – қатысушылар “Who am I as a «Bolashaq» student?” тақырыбында бейнеролик дайындайды.

ІІ кезең (финал, офлайн) – «Bolashaq» Академиясының базасында өтеді және “Present Your Team: Future Language Teachers” пен “Challenges of Modern Language Teaching” тапсырмаларын қамтиды.

Өтінімдер мен бейнероликтерді қабылдау 2026 жылғы 18 наурызға дейін жүргізіледі.

І кезеңнің нәтижелері 2026 жылғы 31 наурызда жарияланады.

Финалдық кезең 2026 жылғы 9 сәуірде өтеді.

Өтетін орны: Қарағанды қ., Ерубаев көшесі, 16/6 («Bolashaq» Академиясы).

Байқау жеңімпаздары I–III дәрежелі дипломдармен және «Bolashaq» Академиясына оқуға түсу кезінде берілетін оқу ақысына жеңілдік сертификаттарымен марапатталады (100%, 50% және 25%). Іріктеу кезеңінен өткен барлық қатысушыларға электрондық қатысу сертификаттары беріледі. Байқауға қатысу үшін өтінім мен бейнероликті келесі электрондық поштаға жолдау қажет: fl-speakyourmind@yandex.kz (өтінім қабылдау мерзімі – 2026 жылғы 18 наурызға дейін).

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.