ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ПӘНДЕР КАФЕДРАСЫ
Фармацевтикалық пәндер кафедрасының миссиясы халықаралық стандарттардың, ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің, оның ішінде дәрілік заттар айналымы саласының талаптарына жауап беретін құзыретті, бәсекеге қабілетті, мобильді, әлеуметтік бағдарланған мамандарды, сондай-ақ білім беру, ғылым және практикаға инновацияларды енгізу арқылы фармацевтикалық нарық пен жұмыс берушілердің талаптарын дайындау болып табылады.
Фармацевтикалық пәндер кафедрасы 2007 жылы фармакогнозия кафедрасы негізінде медициналық-биологиялық пәндер курсымен және фармацевтикалық химия кафедрасы химиялық пәндер курсымен құрылды. Кафедра оқытушыларының көпшілігі фармацевтика саласында ғылыми-педагогикалық және практикалық жұмыс өтіліне ие. Фармацевтерді даярлауды 15 штаттық оқытушы жүргізеді, оның ішінде: 2 ғылым докторы, 5 ғылым кандидаты, 4 магистр. Ғылыми дәрежелері мен атақтары бар оқытушылардың дәрежелері 46,7% құрайды.
Фармацевтикалық пәндер кафедрасы «Фармация» білім беру бағдарламасы бойынша 6B101 – «Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша жоғары білім кадрларын даярлауды төмендегі деңгей бойынша жүзеге асырады:
6В10101 – “Фармация” – бакалавриат.
Білім беру қызметі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2019 жылғы 23 мамырдағы №KZ62LAA00016157 лицензиясы негізінде жүзеге асырылады. 2022 жылдың мамыр айында «Bolashaq» академиясының білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз Қазақстандық агенттігі «Фармация»білім беру бағдарламасы бойынша мамандандырылған аккредиттеу туралы куәлік берді. Куәліктің қолданылу мерзімі 2022 жылғы 15 мамырдан 2027 жылғы 15 мамырға дейін.
Фармацевтикалық пәндер кафедрасының миссиясы халықаралық стандарттардың, ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің, оның ішінде дәрілік заттар айналымы саласының талаптарына жауап беретін құзыретті, бәсекеге қабілетті, мобильді, әлеуметтік бағдарланған мамандарды, сондай-ақ білім беру, ғылым және практикаға инновацияларды енгізу арқылы фармацевтикалық нарық пен жұмыс берушілердің талаптарын дайындау болып табылады.
Білім беру бағдарламасының мақсаты
Халыққа дәрілік көмек көрсету кезінде қоғамның, фармацевтикалық нарықтың және жұмыс берушілердің қажеттіліктері мен үміттерін қанағаттандыруға, фармацияда, ғылымда және практикада озық инновациялық технологияларды қолдануға және дамытуға, ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың жетістіктерін пайдалануға, халықтың денсаулығын нығайтуға, мемлекет пен әлемдік қоғамдастық деңгейінде денсаулық сақтау жүйесінің өзгермелі жағдайларына бейімделуге дайын жоғары білікті мамандарды даярлау, өмір бойы оқыту, қоғамның дамуына үлес қосу.
6В10101 – «ФАРМАЦИЯ» (БАКАЛАВРИАТ) БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ ТҮЛЕГІНІҢ БІЛІКТІЛІК СИПАТТАМАСЫ
Берілетін дәреже:
6В10101-«Фармация»білім беру бағдарламасы бойынша денсаулық сақтау бакалавры
Кәсіби қызмет саласы.
«Денсаулық сақтау бакалавры» кәсіби қызметінің саласы денсаулық сақтау, фармация, білім, ғылым, әлеуметтік қорғау болып табылады.
Кәсіби қызмет объектілері.
«Денсаулық сақтау бакалаврының» кәсіби қызметінің объектілері аурулардың алдын алу, диагностикалау және емдеу, оңалту және гигиена үшін қолданылатын дәрілік заттар болып табылады. Ауруларды диагностикалау, алдын алу және емдеу мақсатында қолданылатын парафармацевтика, медициналық техника және медициналық мақсаттағы бұйымдар дәрілік заттарға теңестіріледі.
Кәсіби қызметті іске асыруға арналған ұйымдар:
-дәрілік заттарды көтерме-бөлшек сату, дайындау, өндіру бойынша әртүрлі меншіктегі және ұйымдық-құқықтық нысандағы фармацевтикалық ұйымдар мен кәсіпорындар (дәріханалар, фирмалар, АҚ, ЖШС, БК және басқа да фармацевтикалық зауыттар, фабрикалар);
– басқару және фармацевтикалық қадағалау органдары;
– дәрілік заттарды стандарттау және сертификаттау органдары (сынақ орталықтары, сапаны бақылау, стандарттау және сертификаттау зертханалары);
– сот медицинасы орталығының химиялық-токсикологиялық бөлімшелері (зертханалары), жедел медициналық жәрдем ауруханалары жанындағы токсикологиялық орталықтар;
– фармацевтикалық ақпарат органдары (анықтамалық-ақпараттық орталықтар, ақпараттық-талдау орталықтары және басқалар);
– әлеуметтік қорғау ұйымдары.
Кәсіби қызметтің мәні:
– халықты аурулардың алдын алу, диагностикалау және емдеу үшін қолданылатын дәрілік заттармен қамтамасыз ету;
– дәрілік заттар айналымы саласындағы субъектілердің ұйымдық-экономикалық және басқару қызметінің тиімді жүйесін қалыптастыру және дамыту;
– ғылыми әдіснама және дәлелді медицина қағидаттарын дамыту және қолдану;
– педагогикалық дағдыларды қалыптастыру және дамыту;
– өмір бойы оқыту және кәсіби қызметінде жаңа білім мен технологияларды қолдану.
Кәсіби қызмет түрлері:
– Ұйымдастырушылық-басқарушылық
– Жалпы фармацевтикалық
– Өндірістік
– Бақылау-рұқсат беру
– Ақпараттық-аналитикалық
– Маркетингтік
– Инновациялық
Мамандарды даярлау мемлекеттік және орыс тілдерінде жалпы орта білім беру базасында күндізгі оқу нысаны бойынша 5 жыл мерзімге, орта кәсіптік білім беру және жоғары кәсіптік білім беру базасында күндізгі оқу нысаны бойынша 3 жыл мерзімге жүргізіледі.
«Фармация» білім беру бағдарламасы бойынша оқу үшін кафедра оқу-әдістемелік құжаттамамен толық қамтамасыз етілген: мамандықтың мемлекеттік стандарты, оқу жұмыс жоспарлары және оқу жұмыс бағдарламалары бар. Кітап қоры оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттердің 5000 данасын құрайды.
Фармацевтикалық пәндер кафедрасында 8 оқу зертханасы, олардың ішінде: ботаника және фармакогнозия зертханасы, бейорганикалық химия және дәрілік заттарды зерттеу әдістері зертханасы, фармацевтикалық және аналитикалық химия зертханасы, фармацевтикалық гомеопатия зертханасы, дәрі-дәрмек технологиясы негіздері зертханасы, дәрілік заттардың өнеркәсіптік технологиясы зертханасы, биологиялық және токсикологиялық химия зертханасы, аспаптық әдістер зертханасы, сондай-ақ 7 мамандандырылған оқу аудиториясы бар.
Әр түрлі пәндер бойынша аудиториялық сабақтарда студенттер теориялық білім алады, олар семинарлар мен СОӨЖ-де практикалық дағдылармен бекітіледі.

«Дәрігерге дейінгі алғашқы көмек» пәні бойынша практикалық сабақтарда студенттер түрлі жарақаттар мен жазатайым оқиғалар кезінде алғашқы көмек көрсету дағдыларын бекітеді.

4 курста «Токсикологиялық химия» пәні бойынша Іскерлік ойын түрінде ұйымдастырылған «Ұшпа уларға бағытталмаған соттық-химиялық талдау» тақырыбындағы сабақ.


3 курс студенттері «Дәрі-дәрмек технологиясының негіздері» бойынша зертханалық сабақтарда әртүрлі дәрілік формалар түрінде дәрілік препараттарды дайындау әдістемесі мен ерекшеліктерін меңгереді.



Фармацевтика факультетінің студенттері «Тока-21» ЖШС базасында оқу-таныстыру және өндірістік практикадан өтеді.
Кафедра студенттері тәжірибелі оқытушылардың жетекшілігімен ғылыми-зерттеу жұмыстарына белсенді қатысады. Студенттік ғылыми-практикалық конференциялар жыл сайын өткізіліп тұрады, онда студенттер өз зерттеулерінің материалдарын ұсынады. Ең белсенді студенттер әртүрлі деңгейдегі конференцияларда ғылыми баяндамалар жасауға мүмкіндік алады және олардың зерттеу материалдары ғылыми журналдарда жарияланады.

Ынтымақтастық туралы шарттар шеңберінде Академиялық ұтқырлық бойынша студенттер мен ПОҚ-тың алмаса білім алуы жүзеге асырылады. Осылайша, академиялық ұтқырлық шеңберінде «Фармация» білім беру бағдарламасы бойынша Ташкент фармацевтикалық институтымен (Өзбекстан), Асфендияров атындағы Алматы Ұлттық университетімен, Қарағанды медицина университетімен, Оңтүстік Қазақстан Академиясымен және басқа да жоғары оқу орындарымен студенттер тұрақты түрде алмасады.
Кафедрадағы қоғамдық өмір қызықты және жан-жақты. Кафедра студенттері мен оқытушылары қалалық, облыстық және республикалық ауқымдағы түрлі іс-шараларға белсенді қатысады.


Біздің студенттер ”Вolashaq” академиясында және Қарағанды қаласында өткізілетін түрлі спорттық іс-шараларға қатысады.

Студенттер Карлагтағы экскурсияда.
.
Студенттер мен оқытушылар сенбілікте.
Студенты и преподаватели на митинге.
Студенттер мен оқытушылар митингте .
Біздің түлектер Қазақстанның еңбек нарығында сұранысқа ие.
Олардың төмендегідей орындарда жұмыс істеу мүмкіндігі бар:
- Меншіктің кез келген түріндегі дәріханаларда және көтерме фирмалардың дәріхана қоймаларында;
- Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың айналысы саласын мемлекеттік басқару және бақылау органдарында;
- Дәрілік заттардың сәйкестігін растау органдарында және сынақ зертханаларында;
- Отандық және шетелдік фармацевтикалық фирмалардың медициналық өкілдері ретінде;
- Дәрілік заттарды әзірлеуге байланысты ҒЗИ-да;
- Фармацевтикалық зауыттар мен дәрі-дәрмек өндіретін зауыттарда;
- Косметологиялық кабинеттерде;
- Токсикологиялық зертханаларда;
- Сот-медициналық сараптама зертханаларында.
Кафедра Ерубаев көшесі, 16 мекен-жайындағы оқу ғимаратында орналасқан, 3 қабат, 336 кабинет. Жұмыс телефоны 42-04-25 (қосымша 400).


Тулебаев Ерболат Абибиллаевич
Білімі және ғылыми дәрежесі:
• Фармация бакалавры, «Болашақ» академиясы (2016 ж.)
• Фармация саласындағы денсаулық сақтау магистрі, ҚММУ (2017 ж.)
• Фармация мамандығы бойынша философия докторы (PhD), ҚазҰМУ (2023 ж.)
Кәсіби тәжірибе:
• Әр түрлі дәріханалық ұйымдарда фармацевт (2016–2018, 2023-2025 жж)
• «PARACELS» ЖШС дәріханалар желісінің директоры (2021–2023)
• «ҚМУ» КеАҚ Фармация мектебінің оқытушысы, қауымдастырылған профессоры (2018–2024 жж)
• «ҚМУ» КеАҚ Фармация мектебінің деканы (2024-2025 жж)
• «Болашақ» академиясының кафедра меңгерушісі (2025 жылдан бастап)
Зерттеу қызметі:
• Базаларда Хирш индексі: Scopus – 2, Google Scholar – 4
• 30-дан астам ғылыми жарияланымның, оның ішінде 4 Scopus мақаласының авторы (Q1-Q3)
• Қазақстан Республикасының 2 патентінің авторы
• «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» бағдарламасы бойынша 30-дан астам сәтті қорғалған диссертациялардың жетекшісі;
• Республикалық және халықаралық олимпиадалар мен стартап жарыстарының 20-дан астам жеңімпаздарының ғылыми жетекшісі
Марапаттары:
• «ҚМУ» КеАҚ «Үздік жас ғалымы» (2023 ж.)
• Халықаралық конференцияның Гран-при дипломы (Харьков, 2021 ж.)
• Ғылыми және педагогикалық қызметі үшін алғыс хаттар мен сертификаттар
Сертификаттар және кәсіби даму:
Фармация, менеджмент, кәсіпкерлік, педагогика және тілдер бойынша 20-дан астам халықаралық және ұлттық курстар (Coursera: Гарвард, Стэнфорд, Ратгерс; Google; Болашақ академиясы; AlMaU; ERG және т.б.).
Ғылыми қызығушылықтары:
Фармацевтикалық білім, клиникалық фармация, фармацевтикалық ұйым және экономика, фармакогнозия және медицина мен білім беруде AI, Big Data және Power BI технологияларын пайдалану.