05.06.2025ж. «Bolashaq» академиясы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы Б.А.Абылбаева және қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы А.Б.Косманова кәсіби бағдар жұмысы аясында «Болашақ» жоғары колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы түлектерімен кездесу өткізді.



Кездесу барысында «Bolashaq» академиясы және «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы бойынша толық ақпарат берілді. ББ бағдарламасының өзіндік ерекшеліктері, білім алумен қатар тәрбие, өнер, спорт, шығармашылық жұмыстары, поэзия, жыр жауҺары, сөз шебері, шешендік өнер, көркем сөз сияқты түрлі салада өздерін жетілдіре алатындықтары, сонымен қатар академияда қарастырылған мүмкіндіктер жөнінде жан-жақты айтылды.

Колледж түлектері аса қызығушылық танытып, биылғы болып жатқан өзгерістер бойынша көптеген сұрақтар қойып, тың мәліметтер алды.


Оларды академияның оқу жүйесі, оқудың төлем ақысы, көрсетілетін жеңілдіктер қатты қызықтырды және келемін деп ниет білдірген студенттер өте көп болды.
Кафедраның кәсіби бағдар жұмысы алдағы күндерде де жалғасатын болады.