ОАХМУ-де (Қырғызстан Республикасы) академиялық ұтқырлық басталды

«Bolashaq» Академиясы Академиялық ұтқырлық бойынша өзара ынтымақтастық туралы 01.10.2025 ж. №31 келісімге сәйкес Орталық Азия халықаралық медициналық университетімен (Манас қ., қазіргі Жалал-Абад қ., Қырғыз Республикасы) ынтымақтастық аясында оқытушылар мен студенттерге арналған сыртқы академиялық мобильділік бағдарламасын сәтті іске қосты.

Осы бағдарлама аясында «Bolashaq» Академиясының фармацевтикалық пәндер кафедрасының доценті және биология ғылымдарының докторы Гозель Джумакулиевна Курбанова 30.03.2026-10.04.2026 жж. аралығында Орталық Азия халықаралық медициналық университетінде (ОАХМУ, Манас қ.) 560005-«Фармация» және 560001-«Емдік іс» білім беру бағдарламалары бойынша оқитын студенттерге «Қалыпты физиология» (2 кредит) пәнінен сабақ беруді бастады.

Сонымен қатар, «Bolashaq» Академиясының 6B10101-«Фармация» білім беру бағдарламасының бірінші курс студенті Койшибай Қоблан Алматайұлы үшін сыртқы академиялық мобильділік жүзеге асырылуда. Ол 2025-2026 оқу жылында 30.03.2026-10.04.2026 жж. аралығында (2 кредит) ОАХМУ (Манас қ.) университетінде «Фармация» мамандығына кіріспе» курсын оқуды бастады. Академиялық ұтқырлықты іске асыру білім беру тәжірибесімен алмасуға, мамандарды даярлау сапасын жақсартуға, студенттер мен оқытушылардың кәсіби құзыреттіліктерін дамытуға және халықаралық байланыстарды нығайтуға ықпал етеді. «Bolashaq» Академиясы ОАХМУ басшылығына шын жүректен алғысын білдіреді және өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытуға, тұрақты серіктестігін нығайтуға үміттенеді.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.