Ұлттық құрылтай және конституциялық реформалар: Конституция жобасы – жастар көзімен

2026 жылғы 12 ақпанда Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетінің Заң факультеті, Азаматтық және еңбек құқығы кафедрасы жанындағы «ZanONE» оқу-ғылыми студенттік ұйымының ұйымдастыруымен
«Ұлттық құрылтай және конституциялық реформалар: Конституция жобасы – жастар көзімен» атты талдау алаңы өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – Ұлттық құрылтайдың маңызы мен елдегі конституциялық реформалардың мәнін талқылау, сондай-ақ жастардың Конституция жобасына қатысты көзқарастары мен ұсыныстарын ортаға салу болды. Талқылау барысында қатысушылар құқықтық мемлекет қағидаттары, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтары, заң үстемдігі және демократиялық жаңғыру мәселелері бойынша пікір алмасты.

Кездесуге «Bolashaq» Академиясының Құқықтану білім беру бағдарламасының студенттері белсенді түрде қатысты:

  1. Кадрин Т.Б. – Ю-23-2 тобы
  2. Қуат Г.М. – Ю-23-2 тобы
  3. Темірбай С.Қ. – Ю-25-4 тобы
  4. Сламбек Н.Р. – Ю-25-4 тобы
  5. Султанова Д.Е. – Ю-23-2 тобы
  6. Тұран Р.Ж. – Ю-25-4 тобы

Студенттер конституциялық реформалардың қоғам дамуына әсері, құқықтық мәдениетті қалыптастыру және жастардың мемлекеттік басқару процестеріне қатысуы туралы өз ойларын білдірді. Іс-шара жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, ғылыми талдау дағдыларын дамытуға және азаматтық белсенділікті күшейтуге бағытталды.

Талқылау алаңы мазмұнды пікірталас форматында өтіп, қатысушылар үшін тәжірибе алмасу мен кәсіби көзқарас қалыптастырудың тиімді алаңына айналды.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.