Кәсіптік бағдар беру жұмысы

2026 жылдың 16-қаңтарда педагогика кафедрасының аға оқытушысы Мекадилова Самал Кемелбаевна Қарағанды облысы білім басқармасының, Әлихан Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы-техникалық колледжінің білім алушыларымен, Балқаш қаласы білім бөлімінің “Әлихан Бөкейханов атындағы №15 мектеп-лицейі” КММ 10, 11 сынып оқушыларымен кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізді

. Кездесу барысында «Bolashaq» академиясының ЖОО арасындағы орны, білім сапасы туралы ақпарат ұсынылды. Сондай-ақ білім сапасы, бакалавр дипломы, халықаралық қатынастар, оқу процестері мен жетістіктері туралы мәліметтер айтылды. Оқу орнына жергілікті жерлерден талапкерлер тарту мақсатында «Bolashaq» академиясына оқуға түсудің ережелерін және жеңілдіктер туралы айтылды.

Оқушылар өздерін толғандырып жүрген сұрақтары бойынша біршама мәліметтер алды. Кездесу барысында «Bolashaq» академиясының негізгі бәсекелестік артықшылықтары, білім беру бағдарламалары, оқыту нысандары туралы ақпарат ұсынылды, академия өмірі туралы мәліметтермен таныстыратын буклеттер таратылды.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.