Кәсіптік бағдар беру – табысты болашаққа маңызды қадам

 23-24 сәуір аралығында Қарағанды “Bolashaq” академиясының “Құқықтық және қаржы пәндері” кафедрасының аға оқытушысы Жунусова Л.М. мен “Педагогика” кафедрасының аға оқытушысы Мекадилова С.К. Ұлытау облысы Жезқазған, Сәтбаев қалаларының жалпы білім беретін мектептері мен орта арнаулы техникалық және гуманитарлық колледждерінде кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізді.

Кәсіптік бағдар беру – бүгінгі қоғамның қажеттілігіне қарай әрбір мектеп бітірушінің бойындағы қабілеттілігі мен бейімділігін ескере отырып, белгілі бір кәсіпке қызығушылығын қалыптастыруға және болашақ мамандығын дұрыс таңдауға көмектесу үшін атқарылатын мақсатты жұмыс. Бұл бағыттағы міндеттерді жүзеге асыруға мектеп басшылары мен тәрбие жұмысын ұйымдастырушылар, сынып жетекшілері белсенділікпен қатысты.

Ұлытау облысы Жезқазған қаласы бойынша №1, №4, №13, №21, №22 жалпы білім беретін орта мектептері, Сәтбаев қаласы №7 мектеп-лицей, Б.Момышұлы атындағы мектеп-гимназия, Әлкей Марғұлан атындағы жалпы білім беретін мектеп, Абай атындағы №4 мектеп-лицейінің  11 сынып бітіруші түлектерімен кездесу өткізіп, жас өрендерге академия, академияның құрылу тарихы, негізгі оқыту бағдарламалары, оқыту нысандары мен жеңілдіктері туралы толық ақпарат берілді.

Сондай-ақ Жезқазған индустриалды-гуманитарлық колледжі, Жезқазған музыкалық колледжі, Жезқазған Бизнес және көлік колледжі, Жезқазған гуманитарлық колледжі, Жезқазған технология және сервис колледждерінің білім алушыларымен кездесу өткізіліп, академияда жоғары білім алуды жалғастыру маңыздылығы аталып өтілді, керекті құжаттар тізімі мен білім бағдарламалары көрсетілген нұсқаулық қағаздары таратылды.

Жезқазған музыкалық колледжі және Жезқазған Бизнес және көлік колледждерімен меморандумға қол қойылды. Меморандум мәні, мерзімділік тәртібі мен шарттары туралы айтылғанда студенттер тарапынан жоғары қызығушылық танытты, сұрақтар қойылды,  ЖОО мен мамандық таңдаудағы маңызды факторларды талқылап, ақпарат алмасты. Осындай кездесулер болашақ мамандардың дұрыс таңдау жасауына негіз болады. Түлектерге нық қадам жасауға жол көрсеткен мазмұнды кездесу болды!

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.