Академиялық ұтқырлық дегеніміз не?

«Академиялық ұтқырлық» – бұл білім алушыларды немесе оқытушы-зерттеушілерді оқыту немесе зерттеулер жүргізу үшін белгілі бір академиялық кезеңге (семестрге немесе оқу жылына) өзінің жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында немесе оқуды жалғастыру үшін басқа жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында академиялық кредиттер түрінде меңгерген оқу бағдарламаларынан, пәндерден міндетті түрде қайта сынақ тапсыра отырып, басқа жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымына (ел ішінде немесе шетелге) ауыстыру;

Сыртқы  академиялық ұтқырлық дегеніміз білім алушылардың шетелдік ЖОО-да білім алуы, сонымен бірге оқытушылар мен ғылыми қызметкерлердің шетелде білім беруі және ғылыми мекемелердегі жұмыс істеуі.

Ішкі (қазақстанаралық) академиялық ұтқырлық – бұл нақты академиялық мезгіл ішінде білім алушының, оқытушы-зерттеушілердің ауысып немесе зерттеу жүргізуі: Қазақстанның басқа жоғары оқу орнына бір семестрге немесе бір оқу жылына міндетті түрде кредиттерді қайта санау негізінде білім алу бағдарламасы бойынша өз оқу орнында немесе басқа оқу орнында білімін жалғастыру болып табылады.

Академиялық ұтқырлықтың негізгі мақсаты Қазақстандық ЖОО-дың білім сапасын әлемдік стандарттарға сәйкестігін  қамтамасыз ету, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру.

Академиялық ұтқырлық бағдарламаларына қатысушыларға берілетін  мүмкіндіктер:

  • Ғылым мен білім беру саласында халықаралық тәжірибе жинау;
  • Өзінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
  • Кәсіби білімі мен практикалық дағдыларын дамыту;
  • Ой өрісін кеңейту
  • Тілдік пайдалы тәжірибе алу
  • Networking және достар шеңберін ұлғайту
  • Жаңа мәдениетпен және елмен танысу

Үміткерлерге қойылатын талаптар:

  •  Халықаралық несиелік ұтқырлыққа қатысу үшін қабылдаушы оқу орны ұсынатын деңгейде шет тілін білу қажет.
  •  Академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысуға үміткерлер тізімі академияның студенттері, магистранттары мен докторанттары арасынан конкурстық іріктеу негізінде кафедра мәжілістерде талқыланғаннан кейін кафедраның ұсынысы бойынша жасалады. ОӘБ ұсынылған тізімдерді оқу-әдістемелік жұмыс бойынша проректормен келіседі.
  •  Конкурстық іріктеудің негізгі өлшемдері: бір академиялық кезеңді аяқтауы, үлгерімі «A», «A-», «B+», «B», «B-», «С+» болуы. Іріктеу академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысуға үміткерлерді бағалау жүйесіне негізделген.
  •  Академиялық ұтқырлыққа 2 және 3 курстың білім алушылары қатыса алады. Ерекшелік ретінде 1 курстың 2 семестрінде,  4 курстың 7 семестрінде, 5 курстың 9 семестрінде оқитын білім алушылар қатыса алады.

Қажетті құжаттар тізімі

  1. Академиялық ұтқырлық шеңберінде шетелде оқу конкурсына қатысу үшін өтініш (нысан бойынша);
  2. Ұсыныс хаттар;
  3. Жеке оқу жоспары;
  4. Транскрипт көшірмесі;
  5. Медициналық анықтама (шетелге шығушылар үшін № 082);
  6. Сурет 3*4 – 2 дана
  7. Жеке басын куәландыратын құжаттың немесе төлқұжаттың көшірмесі
  8. Шетелдік жоғары оқу орнының ресми шақыруының көшірмесі;
  9. Академиялық ұтқырлық шеңберінде екі айдан астам уақытқа шетелге оқуға жіберілетін үміткердің ата-анасының (қамқоршыларының, заңды өкілдерінің) жазбаша келісімі (18 жасқа толмаған тұлғалар үшін);
  10. Үміткер, қабылдаушы және жіберуші жоғары оқу орындары арасында қол қойылған келісім;

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.