Жолдаудың ережелері жөнінде құқықтық және қаржылық пәндер кафедрасының доценті К.К.Садықова сөз сөйледі. Мемлекет басшысының жолдауы елдің болашақтағы дамуын және ертеңгі күнге бетбұрыс жасауын айқындады. Бұл барлық бағыттарды, ел тағдырын дамыту үшін маңызды. Қазақ халқының әрбір азаматының өзекті мәселелерін шешуге арналған жаңа Жолдау еліміздің дамуы мен халқымыздың өмірінде көптеген жаңалықтар болатынын […]
Monthly Archives: Қыркүйек 2024
2024 жылғы 11-12 қыркүйекте Алматыда С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті базасында ҚР неврологтар қауымдастығы, гепатологтар және гастроэнтерологтар мамандары қоғамы, респираторлық медицина мамандары қауымдастығы, ҚР клиникалық фармакологтар мен фармацевтер қауымдастығы, Халықаралық фармацевтикалық өндірушілер қауымдастығы қатысуымен ҚР – да “Адам және дәрі-Қазақстан” XVII халықаралық конгресі өтті. ҚР ҰҒА академигі, м.ғ.д., […]
2024 жылғы 12 қыркүйекте “Bolashaq” Академиясында ғылыми-техникалық кеңестің (ҒТК) кезекті отырысы өтті, онда алдағы оқу жылына ғылыми және білім беру қызметін жоспарлауға қатысты негізгі мәселелер қаралды. 2024-2025 оқу жылына арналған ғылыми-практикалық конференциялар өткізу кестесін бекіту Отырыста Академия оқу жылы ішінде ұйымдастыратын ғылыми-практикалық конференциялар өткізу кестесі ұсынылды және бекітілді. Қабылданған кесте […]
Отбасы – адамзат баласының дүниеге шыр етіп келгенде, есігін айқара ашып енетін үйі, өсіп ер жететін, тәрбие ашатын аса қажетті, әрі қасиетті алтын бесігі. Қай заманда, қай елде болмаса да отбасының адамзат ұрпағына ықпалы мен әсерін өмірдегі басқа ешнарсенің күшімен салтыстыруға болмайды. Қыркүйектің екінші жексенбісі елімізде «Отбасы күні» деп жарияланған. […]
2024 жылдың 11 қыркүйегінде Академия дәрігері С.Г. Куур студенттермен ЖРВИ, тұмау, короновирустық инфекцияның алдын алу туралы әңгімелесті. Барлық вирустық аурулар ауа тамшылары, яғни ауа арқылы, әсіресе адам жөтелгенде немесе түшкіргенде таралады. Сілекей мен қақырық тамшылары қоршаған заттарға қонатындығын ескерсек, сіз, тұрмыстық заттар, есік тұтқалары, қоғамдық көліктегі тұтқалар арқылы жұқтырып аласыз. […]
2024 жылғы 11 қыркүйекте тәрбие жұмысы шеңберінде Ин-22-1 және Ин-22-2 топтарының 3 курс студенттері үшін “Отбасылық демалыс – болашаққа инвестиция”тақырыбында кураторлық сағат өткізілді. Кураторлық сағатты Шет тілдері және МК кафедрасының аға эдвайзері М. К. Абдрешева басқарды. Кураторлық сағаттың негізгі мақсаты отбасылық демалыстың жеке және отбасылық қатынастарды дамытуға инвестиция ретінде маңыздылығын […]
2024 жылғы 10 – қыркүйекте, сағат 16:00-де, 324 – дәрісханада бірінші курс студенттерінің ЖІК қызметімен және студенттік өзін-өзі басқаруымен әңгімелесу форматында жыл сайынғы жоспарланған танысуы өтті. Кездесу барысында бірінші курс студенттеріне ЖІК төрағасы – Смирнов Станислав Юрьевич, “Болашақ” Республикасының өзін-өзі басқару Президенті: Гартман Зинаида, Премьер – министр Оразкенов Әмірхан, Мәдениет […]
10 қыркүйек күні сағат 14.00-де Құқықтық және қаржылық пәндер кафедрасы елімізде “Отбасы күнін” мерекелеуге арналған отбасы апталығы аясында “Мықты отбасы-мықты мемлекет” тақырыбы бойынша баспасөз конференциясы түрінде ашық дәріс өткізді. Іс-шара заң және қаржы мамандықтарының студенттері үшін 106 – аудиторияда өткізілді. Аталған іс-шараның авторы және спикері профессор Қабжанов Ақылбек Тайбулатұлы болды. […]
2024 жылғы 6 қыркүйекте “Педагогика” кафедрасының эдвайзерлері С. С. Шутенова мен А.М. Тәжинин орыс бөлімшесінің “Педагогика және психология”, “Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі” және “мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу” білім беру бағдарламаларының студенттерімен “Мықты отбасы – мықты мемлекет”тақырыбында ашық кураторлық сағат өткізді. Кураторлық сағаттың мақсаты: отбасылық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу, “Отбасы” […]
2024 жылғы 6 қыркүйекте “Педагогика” кафедрасының эдвайзерлері С.С. Шутенова, А. Б. Косманова және А. М. Тәжинин “Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі”, “Педагогика және психология”, “Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу” білім беру бағдарламаларының бірінші курс студенттерін “Bolashaq” Академиясы студентінің ар-намыс Кодексімен таныстыруға бағытталған кураторлық сағат өткізді. Кураторлық сағат барысында студенттер Академиядағы […]
Құрметті “Bolashaq” Академиясының студенттері! 2007 жылы құрылған “Teach for All” жаһандық бастамасының бөлігі болып табылатын “Teach for Qazaqstan” білім беру бағдарламасына қатысудың бірегей мүмкіндігі ашылады. Бағдарламаның негізгі мақсаты-Қазақстанның барлық балаларына, әсіресе өңірлік мектептерде тең білім беру мүмкіндіктерін қамтамасыз ету. 2022 жылдан бастап “Teach for Qazaqstan” қоғамдық қоры жоғары оқу орындарының […]
06.09.2024 ж. Фармацевтикалық пәндер кафедрасының магистрі, аға куратор Теміреева Н.Б. топ студенттерімен Отбасы күні мерекесіне арналған ашық кураторлық сағат өткізді. Шараның тақырыбы: «Отбасын жоспарлау». Ашық кураторлық сағатқа кафедра меңгерушісі Пахомова Д.К., доцент Сиволобова О.А., аға оқытушы Теміреева К.С. және студенттер қатысты. Кафедра меңгерушісі Пахомова Д.К. сөз алды: «Репродуктивтік денсаулық – […]
09.09.2024 ж. “Bolashaq” Академиясының фармацевтикалық пәндер кафедрасының оқытушылары студенттерге Ар-намыс Кодексі туралы мәлімет берді. Кафедра меңгерушісі Пахомова Д.К. академияның миссиясы, жалпы ережелері, студенттердің жауапкершілігі, сабаққа қатысулары мен үлгерімдері, сондай-ақ студенттер мен оқытушылардың, ЖОО әкімшілігімен қарым-қатынасы туралы баяндады. Студенттердің киім кию үлгісі, жүріс-тұрысы мен тәртібі кодекске сай болуы қажет екендігі айтылды. […]
2024 жылғы 9 қыркүйекте “Bolashaq” Академиясында сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін Қазақ ұлттық ойынынан тоғыз құмалақ турнирі өтті. Ол логикалық ойлауды, стратегиялық және тактикалық дағдыларды, сондай-ақ жеңіске жету үшін ойдағы қадамдарды дұрыс есептеу қабілетін дамыту мақсатында өткізілді. Тарихқа аздап көз жүгіртсек, “Тоғызқұмалақ ойыны” – қазақтың ең көне ұлттық ойындарының бірі. Бұл […]