ПІКІР

Біз, “Қазақ тілі мен әдебиеті” мамандығының 2 курс студенттері Ашамаева Ақгүл, Құдайберген Төлеубала академиялық ұтқырлықпен 1 семестрге Петропавл қаласына оқуға келдік. Петропавл қаласы бізді өте жылы қарсы алып, жатақханамызға орналастырды.

​М.Қозыбаев атындағы университетпен білім алмасып, қоршаған ортамызды жаңа достарға толтырып жатқанымызға өте қуаныштымыз! Осындай мүмкіндік беріп отырған Болашақ академиясының ректоры М.Қ. Несіпбекұлына көптен-көп рақметімізді айтамыз.

Сөз соңында айтарымыз, оқу орнымыз одан әрі дамып, қырандай көкте самғай берсін! Академиямыздың тарихы бар, бүгіні де жоқ емес, ал болашағы одан да жарқын болғай! Біздің сүйікті академиямыз, абыройың аспандап, туыңды Ұлы даланың самал желі желпіп, мәңгілік ел Қазақстанымды гүлдендіруге зор үлес қосатынына сенеміміз мол!

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.