Кәсіптік бағдар беру жұмысы

2022 жылғы 28 қазан күні Бауыржан Момышұлы атындағы ЖББМ-нің 11»А» және 11»Ә» сынып оқушылармен «Педагогика» кафедрасының аға оқытушылары: Байбекова В.А. Мекадилова С.К., Қосманова А.Б. және «Фармация» кафедрасының аға оқытушысы Тутай Дарын кәсіптік бағдар беру жұмысы бойынша  кездесу өткізді.

ЖББМ №77

Кездесу барысында «Bolashaq» академиясының Қазақстан ЖОО арасындағы орны, оның соңғы жылдардағы республикалық рейтингтегі ең жоғары деңгейлері, студенттер саны, білім беру нысандары, білім сапасы туралы кеңінен ақпарат берілді. Білім сапасы, бакалавр бойынша диплом, қос дипломды білім беру, халықаралық қатынастар, оқу үдерістері мен жетістіктері туралы да мәліметтер айтылды.

Академиямыздың негізгі бәсекелестік артықшылықтары, білім беру бағдарламалары, білім беру формалары туралы айтылып, кездесу соңында оқушылар  сұрақтар қойып, оған жауап берілді.

 Осы мектептің кәсіптік бағдар беру жұмысына жауапты Мухамеджанова Жулдыз Курмангазыевна алғысын білдіріп, алдағы уақытта мектеп түлектерімен үлкен кездесу ұйымдастырып, оған  «Bolashaq» академиясының оқытушыларын шақыратынын мәлімдеді.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.