С благодарностью от выпускников

Замечательные слова благодарности на имя ректора Академии “Bolashaq” профессора Менлибаева К.Н. приходят ежедневно от выпускников кафедры Казахского языка и литературы.

Құрметті Bolashaq академиясының ректоры Құралбай Несіпбекұлы және қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасының ұстаздары, соның ішінде біздің топтың кураторы Райхан Налжигитовна! Сіздерге Zk-17-123 тобы атынан алғыс айтамыз. Сіздердің кәсібіңіз – бұл ізгіліктің, адамды сүйе білудің және даналықтың шынайы үлгісі. Сіздердің әрбір күнгі жолыңыз – бұл өскелең ұрпақтың жүрегіне, білім шыңына апаратын жол. Денсаулықтарыңыз мықты, әрбір күндеріңіз табысты, шығармашылық белсенділікке толы болсын. Сіздердің шәкірттеріңіздің алғысы сіздер үшін лайықты марапат болсын. Сіздердің қиын да, қызықты еңбектеріңізге табыс, жаңа биіктер мен серпінді даму тілейміз.

Елімізде болып жатқан жағдайларға байланысты қазіргі таңда Қарағанды Болашақ академия сы Қашықтықтан оқуда, бұл дегеніңіз, түрлі тапсырмаларды, іс-тәжірибе немесе қандай да ағымдағы емтихандарды ғаламтор желісінің көмегімен тапсыруды білдіреді. Мұғаліммен үнемі байланыста болып, тапсырмаларды айтылған уақытта орындау біздің басты міндетіміз. Қашықтықтан оқу- білім дәрежесін көтермесе, түсірмейтіні сөзсіз. Себебі мұғаліммен байланыста болу арқылы әр тақырыптың мазмұны кеңінен қарастырылады. Осы орайда мен зК-18-1с студенті Қошқарбаева Гаухар, дипломдық жұмыстың жетекшісі Исмаилова Райхан Налжигитовна екеуіміз бірлесе отырып, қазіргі қазақ тілінің терминологиясының өзекті мәселелері тақырыбы аясында көптеген ақпараттар жинадық. Әрине, бұл тағыда ғаламтор желісінің көмегі арқылы. Қашықтықтан оқыту әр студентке өзін дамытуда үлкен себепкер болатыны анық.

Қашықтықтан оқу – оқу рәсімінің көп бөлігін жүзеге асыруға арналған оқыту үдерісін ұйымдастыру тәсілі десек қателеспейміз.

Өз сөзімді қорытындылай келе, “Bolashaq” академиясының ректоры, профессор Меңлібаев Құралбай Несіпбекұлына,Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, профессор Сембиев Құрманғазы Зәкірұлы, Bolashaq” академиясының оқытушыларына алғысымды білдіремін.

Кошкарбаева Гаухар Талгаткызы

Смотреть также отзывы

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.