Құрметті түлектер!

2021-2022 оқу жылы  «Bolashaq» академиясын 853 түлек тәмәмдады, оның ішінде 74 студент үздік дипломмен бітірді.

«Bolashaq» – ширек ғасырдан бері сапалы білім? мен саналы тәрбиенің, жақсылық пен ізгіліктің, парасаттылық пен руханиятқа толы ойдың, өміршең бастамалар мен тәрбиелі істердің ұясы. Біздің бірнеше буын түлектеріміз оқу орны қабырғасында өткерген студенттік өмірлерінде осындай баталы іс-шаралардың ұшқынын санасына сіңірді, тәлімімен жүрегін суарды, байыпты бағдарын бағыт етіп ұстанды, білім көкжиегін бойына дарытты. Біздің мақсатымыз өмір талабына сай бәсекелестікке лайық мамандар даярлау. Академия білім мен ғылым саласындағы 27 жылдық қызметі ішінде 20 мыңға жуық талантты да білікті мамандарды қанаттандырып ұшырды.   ⚜Сіздерді өмірлеріңіздегі ең ерекше күн – жоғары оқу орнын ойдағыдай бітіріп✅, біліктілік дипломын алу қуаныштарыңызбен шын жүректен құттықтаймын! Сіздер аймақтағы беделді білім ордаларының бірі – «Bolashaq» академиясын тәмамдап отырсыздар.

     Енді міне, Сіздер де, солардың қатарында, қалаулы кәсіп иесі, білікті маман атанып, түлеп ұшқалы отырсыздар.

Сіздерге жарқын болашақ және ақ жол тілеймін??! Ұлағат ұясы қабырғасында алған құнарлы білімдеріңіз, қалыпты таным-тәлімдеріңізбен егемен еліміздің өркендеп дамуына қапысыз үлес қосып, «Bolashaq» академиясының бет-беделін жоғарғы дәрежеден көрсете берулеріңізге тілектеспін!

Іске – сәт, сәтке – дәт, дәтке – қуат???!

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.