«Bolashaq» академиясында Педагогика кафедрасының аға эдвайзерлері С.К.Мекадилованың, В.А.Байбекованың және академияның 1курс студенттерінің ұйымдастыруымен Республика күніне орай «Қазақстан – Республикам менің» атты студенттер үйінде мерекелік іс-шара өтті.
Мерекелік іс-шарада студенттер өз өнерлерін ортаға салып, әннен шашу шашып, мәнерлеп оқу сайысынан жарысып, викториналық сұрақтарға жауап берді.


Жастардың ұлттық рухын көтеретін осындай мерекелік іс-шаралар студенттер үйінде де жиі ұйымдастырылса деген ниеттерін байқадық.
