Ректором Карагандинского университета им. академика Е. А. Букетова назначен Дулатбеков Н.О.

Сегодня ректором Карагандинского университета имени академика Е. А. Букетова назначен Дулатбеков Нурлан Орынбасарович.

Коллектив Академии “Bolashaq” искренне поздравляет Нурлана Орынбасаровича и желает эффективной работы, творческого вдохновения, удачи, успешной реализации намеченного.

Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің ректоры тағайындалды.

Бүгін академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің ректоры лауазымына Нұрлан Орынбасарұлы Дулатбеков тағайындалды. Бұған дейін оқу орнының ректоры міндетін Еркебұлан Мұратұлы Тәжібаев атқарып келген болатын.

Нұрлан Орынбасарұлы Дулатбеков 1962 жылы 5 мамырда Қарағанды қаласында дүниеге келген. Заң ғылымының докторы, профессор, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі.

1984 жылы үздік белгімен Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ-ды аяқтап, 1992 жылы ҚР ҒА философия және құқық институтының аспирантурасын тәмәмдады.

1984 жылдан 1996 жылға дейін Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ-де қылмыстық құқық және криминология кафедрасында оқытушы, аға оқытушы, доцент және кафедра меңгерушісі;

1996 жылдан бастап 2013 жылға дейін Қарағанды «Болашақ» университетінің ректоры, «Қарлаг – болашақ үшін есте сақтау» ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі болды.

2013 жылдың маусымынан бастап 2016 жылдың наурызына дейін Қарағанды облыстық мәслихатының хатшысы қызметін атқарды.

150-ден астам ғылыми еңбектің авторы. Англияда, Бельгияда, Түркияда, Испанияда, Малайзияда және Жапонияда ғылыми-педагогикалық тәжірибеден өткен.

«Достық» (II дәрежелі) орденінің иегері.

Үйленген, 3 баласы бар.

Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті – еліміздегі ең ірі жоғары оқу орнының бірі. Онда бакалавриат бойынша 90-нан аса мамандық, магистратура бойынша 60-тан аса мамандық, PhD докторантура бойынша 12 мамандық бар. Қарағанды университетінің 12 факультетінде 12 мыңнан астам студент, магистрант және докторант оқиды. Университет қабырғасында шет елдерден келген жүздеген студент білім алуда.

Источник: https://ortalyq.kz/26082020001-2/?fbclid=IwAR3z4_q6lr-0hZDg4_qPbhv47FmP29VnH42RIQBAgq9smCPsEKRra_4wfYs

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.