ПЕДАГОГИЧЕСКАЯ ПРАКТИКА СТУДЕНТОВ ГРУППЫ ИН-16-2

Студенты группы ИН-16-2 Академии “Болашақ” завершили педагогическую практику. Студенты были направлены в специализированную школу-интернат № 7 имени Жамбыла г. Караганды и гимназию №39 имени Магжана Жумабаева.

В ходе практики проведены открытые уроки, внеклассные мероприятия. Для учащихся школ были проведены классные часы и конкурсы.

Большинство студентов изъявили желание стать учителем, им было очень интересно работать с классом в качестве классного руководителя.

 Отзыв группы ИН-16-2 о педагогической практике:​

“Болашақ” академиясының ИН-16-2 тобының студенттері педагогикалық тәжірибені аяқтады. Студенттер 2 топқа бөлінді. Бірінші топ Қарағанды қаласының №7 Жамбыл атындағы мамандандырылған мектеп-интернатына жіберілсе, екінші топ №39 Мағжан Жұмабаев атындағы гимназияда тәжірибелерін ұштады.

№7 мектеп-интернатында тәжірибе өткен студенттер 5,6,8 сыныптарға сабақ берді. Тәжірибе барысында ағылшын тілі апталығы өтіп, студенттер көптеген жаңа мағлұматтар алды. Ашық сабақтар, сыныптан тыс іс-шаралар өткізілді.

Мектеп ұжымымен өте жақсы қарым-қатынаста болып және оқушылармен тез тіл табыс алдық. Олар бізді жақсы қарсы алды.

№39 гимназияда тәжірибе өткен студенттерге 5-ші сыныптарда сабақ беруге мүмкіндік берілді. Тәжірибе барысында мектепте көптеген іс-шаралар өтті. “Қарағанды қаласының 85 жылдығына” орай сынып сағаттары өтті. Оқушыларға арнап жинаған білімдері және алған ақпараттарына сүйене отырып сынып аралық сабақ және  сайыстар өткізілді. Викториналық ойындардың көмегімен балаларды ағылшын тілін үйренуге баулып, “Жер ұйығым –Қарағандым” атты мектепшілік мәнерлеп оқу байқауы өтті. “100 кітап” сайысы да өте қызық өтті. Екі мектеп ұжымына да үлкен алғысымызды білдіреміз. Кейде сыныптын тәртібін қадағалау қиын болды. Әрбір кеште келесі сабаққа материалдар іздеп, дайындалдық. Жаңа бағдарлама бойынша оқитын сыныптарда оқу жоспарын жасау қиындық туғызды.  Соның арқасында СОР және СОЧ дайындауды және  өткізуді үйрендік. Ең бастысы сынып сахнасындағы қорқынышымызды жеңе алдық.    

Бірінші педагогикалық тәжірибе бізге не берді? Біріншіден, шет тілін үйрету әдістемесі бойынша білімімізді тексердік.  Екіншіден, ұстаз болудың қандай екенін сезіндік. Ұстаз болудың оңай емес екеніне көзіміз жетті. Неге десеңіз үнемі оқушылардың назарларын өзіңе аудара білу керек. Олардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру керек. Әрдайым оқу үстінде болу керек. Студенттердің көпшілігі өз ойларын өзгертіп, ұстаз болуға ниет білдірді. Сыныппен сынып жетекші ретінде жұмыс істеу өте қызықты болды.  Үшіншіден, тілдік компетенцияны ары қарай дамыту керек екенін түсіндік. Келесі жылы да осы мектептерде, осы сыныптармен жұмыс істейміз деген үміттеміз.

Ин-16-2 тобының студенттері

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.