21 апреля 2021 года старший преподаватель кафедры Казахского языка и литературы Академии “Bolashaq” Абылбаева Б.А. провела открытый урок “Өнертабыс және жаңашылдық”.
“Өнертабыс және жаңашылдық” ашық сабағы
2021 жылдың 21 сәуірінде «Bolashaq» академиясы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы Абылбаева Б.А. ПиП-20-1 және Ин-20-1 топтарында «Өнертабыс және жаңашылдық» тақырыбында қазақ тілінен практикалық ашық сабақ өткізді.
Ашық сабаққа академия әкімшілігі мен кафедра оқытушылары қатысты.
Сабақ барысында оқытушы тілді меңгертудің ұтымды әдіс-тәсілдерін қолданып, студенттердің мемлекеттік тілге деген қызығушылықтарын арттыра білді.
Оқылым, тыңдалым, айтылым, жазылым әрекеттері сабақтың барысында әр түрлі тапсырмаларды орындау арқылы шебер меңгеріліп, сөздік қорды молайтуға, сұқбатаса білуге, кері байланыс жасап, сабақтың негізгі мақсатын жете түсінуге бағытталған.
Сонымен қатар танымдық, тәрбиелік және дамытушылық мақсатта студенттердің өзіндік іс-әрекетін ұйымдастыру, қарым-қатынас ынтымақтастығын қалыптастыру, жағымды психологиялық ахуалды қамтамасыз ету сынды іс-әрекеттер де жүзеге асырылды.
Сабақта топтық, жұптық, жеке жұмыс түрлері қамтылып, аудио, видео көрсетілімдер бойынша өте қызықты ақпараттар берілді.
Ең бастысы студенттер сабақта үйренген әр жаңа сөздің өмірде қажет екенін түсіне білді және аса қызығушылық танытты.
Сабақ соңында «Автор орындығы» арқылы кері байланыс жасалып, қорытындыланды.
Қатысқан оқытушылар рефлексия жасады.
Мысль на тему “Открытый урок “Өнертабыс және жаңашылдық””
Салеметсиз бе колледжіден кейін жоғары оқуға тапсыруға өтінішті электрондық түрде қайда жiберу керек.Және сұрақ менiң колледжідегi бiтiрген мамандығым “казак тiлi және әдебиеті” пәні.Мен жоғары оқуға мектепке дейінгі дошкольные яғни балабақшаға тәрбиешілiкке тапсырайын дегем.УБТ болама.Универге хабарласып сурадым уксас егiз пән УБТ болмайды собеседование болады деді.Ал кейбіреулер УБТ болады дейді анық ақпарат айта аласызба?УБТ болса нақты қандай пәндер бойынша болады