Итоговая конференция по преддипломной практике ОП “Педагогика и психология”

15 мая 2021 года в режиме он-лайн состоялась итоговая конференция по преддипломной практике со студентами 4 курса образовательной программы “Педагогика и психология”.
Итоговую конференцию провели старшие преподаватели кафедры “Педагогика и психология” Мекадилова С. К., Шутенова С. С., Махмутова Г. С.

“Педагогика және психология” білім беру бағдарламасы бойынша қорытынды конференция

2021 жылдың 15 мамырда онлайн режимінде “Педагогика және психология” білім беру бағдарламасының 4 курс студенттерімен дипломалды іс-тәжірибесі бойынша қорытынды конференция өтті.

Қорытынды конференцияны «Педагогика және психология» кафедрасының аға оқытушылары Мекадилова С.К.,  Шутенова С.С., Махмутова Г.С. өткізді.

Дипломалды іс-тәжірибе теориялық білімді практикалық біліммен бекітуге; бакалаврдың өз бетінше еңбек қызметіне кәсіби дайындығын тексеруге; білім алушының практикалық тәжірибесін тереңдетуге, жалпы және кәсіби құзыреттілігін дамытуға, бітіруші біліктілік жұмысын орындауға дайындыққа бағытталған.

Дипломалды іс-тәжірибеден өту екі кезеңнен тұрады: біріншісі – зерттеу жұмыстарын жоспарлау және орындау, екіншісі – алынған ақпаратты өңдеу және талдау және бітіру жұмысын алдын-ала қорғауға дайындау. 

Конференция барысында студенттер өздерінің бітіруші біліктілік жұмысының зерттеу бөлімі бойынша жүргізген жұмыстары бойынша есеп берді.

Іс-тәжірибе кезінде студенттеріміз көптеген жаңашылдыққа үйреніп, үлкен тәжірибе жинақтағандарын «Skype» желісі арқылы өткен қорытынды онлайн коференциясында сеніммен айта кетті. Іс-тәжірибе жетекшілері тарапынан сұрақтар қойылып, ұсыныстар мен тілектер талқыланды. 

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.